Эвтрофтану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эвтрофтану - биогенді элементтердің, оның ішінде, азот пен фосфордың су көздерінде жиналуына байланысты солар арқылы суқоймалардың бірінші өнімділігінің артуы. Бұл табиғи процесті антропогендік іс-әрекеттер жеделдетуі мүмкін. Биогенді құрауыштар суқоймаларға су және ауа жолдары арқылы түседі. Суқоймалардың эвтрофтануының негізгі себептеріне топырақ эрозиясы, ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардың көп қолданылуы, фосфорлы детергенттердің (әсіресе ары активті синтетикалық заттектер) кең қодданылуы, мал шаруашылығының калдықтарының қалай болса солай тасталуы, қышқыл жаңбыр тудыратын қасиеті бар ауаға тасталатын заттектерді және т.б. жатқызуға болады. Суқоймалардағы эвтрофтану процесін сипаттайтын негізгі жағдайларға мынадай себептерді жатқызуға болады: 1) су қабатында еріген оттек мөлшерінің азаюы; 2) биогенді элементтер (азоттың, фосфордың, калийдің) концентрацияларының жоғарылауы; 3) органикалық заттектердің қалқыма бөлшектері санының көбеюі; 4) су түбіндегі шөгінділерде фосфордың шоғырлануы; 5) судың лайлануына байланысты күн сәулесінің сулы ортаға өтетін мөлшерінің азаюы; 6) судағы балдырлар популяцияларының өзгеруі (өте ұлы заттектер бөлетін түрлерге ауысуы); 7) фитопланктон әралуандылығының азаюына қарамастан олардың биомассасының әдеуір мөлшерде көбеюі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эвтрофтану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}