Эбола ауруы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ауру

Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады.<ref name=WHO2014>Үлгі:Cite web</ref> Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиғи ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген.<ref name=WHOAir2014>Үлгі:Cite web</ref> Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді.

Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ.<ref name=WHO2014/> Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидратациялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйелі түрде құю пайдаланылады.<ref name=WHO2014/> Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады.<ref name="Elsevier/Academic Press">Үлгі:Cite book</ref> Эбола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.<ref name=WHO2014/>

Сипаттамасы

Эбола вирусы ауру немесе өлген адамның немесе жануардың қаны немесе дене сұйықтықтары арқылы таралады. Сіз ауру адаммен тікелей байланыста ғана емес, сонымен қатар жақында биологиялық сұйықтықтармен ластанған заттар арқылы да жұғуы мүмкін.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref> Приматтар, соның ішінде адамдар арасында аурудың ауа-тамшылары арқылы таралуы зертханалық немесе табиғи жағдайларда құжатталмаған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелерҮлгі:Stub