Ысқақ Марат Әбдешұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Ысқақ Марат Әбдешұлы

Ол 1932 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызында Атырау облысында дүниеге келіп, 2004 жылдың қаңтар айының жетінші жұлдызында дүниеге келеді.Марат Әбдешұлы - ақын, филология ғылымдарының кандидаты.Ол 1995 жылы ҚазҰУ - ды бітіреді. Алғашында Гурьев облысында "Социалистік құрылыс" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі ал 1962-1964 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, 1965-1975 жылдары Теңіз ауданында "Ленин жолы" газетінің редакторы, Талдықорған облысындағы Қапал ауданының агенттігінң "Қапал еңбеккері" газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Ол 1975-1989 жылдары алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданындағы "Еңбек жалыны " газетінің редакторы болып істеген.

Еңбектері

Тұңғыш пьесасы "Шамшырақ" Гурьев облыстық драма театрында қойылған. Және де ол "Айнамкөз", "Құрманғазы" туындылары бойынша телефильмдер түсірген.Ол "Сағыныш сазы", "Дархан көңіл", "Шақырады көктем", "Көгілдір күмбез" жыр жинақтарының авторы. Және де, оның "Өлеңім - өмір өзегі" атты бір томдық таңдамалы өлеңдері жарық көрген.

Дереккөздер

<ref>Қазақ әдебеті энциклопедиялық анықтамалық; Аруна баспасы.Алматы, 2005ж.</ref>