Ырыскелді

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ырыскелді (т.-ө. ж. б.) – батыр, елші. 1733 ж. Ұлы жүз елшілігі құрамында (елшілік екі адамнан құралған – Аралбай батыр мен Ырыскелді) Кіші жүз ханы Әбілқайырға онан әрі Ресейге барып қайтты. Ондағы мақсаттары – Ресей императоры Анна Иоановнаға жолығып, сол кезде жоңғар хандығына тәуелді болып тұрған Ұлы жүзді сақтап қалу үшін Әбілқайыр арқылы орыстардан көмек алу еді. 1733 жылдың соңында Ұлы жүздің елшілігі мен Әбілқайыр өкілі Тәтімбет батыр Санкт-Петербургке барды. Олар Анна Иоановнаның қабылдауында болып, Ұлы жүздің көрнекті ел билеушілері – Қодар би, Төле би, Сатай, Хангелді және Бөлек батырлардың қарауындағы ел-жұртымен Ресей азаматтығын қабылдайтындықтарын білдірген хатты табыс етті. 1734 ж. 10 маусымда Анна Иоановна Ұлы жүздің старшындары мен батырларына және “барлық қырғыз-қазақ халқына” арналған және оларды Ресей құрамына алғандығын білдірген грамотаға қол қойды. Ұлы жүз ханы Ор өз. бойына “ант қабылдауға” арнайы шақырылды. Ресми деректер бойынша Ы. 1738 ж. қыркүйекте Кіші жүздің Ресей азаматтығын қабылдауына байланысты өткен салтанатқа қатысқан.<ref>Әдеб.: Басин В. Я., Ресей и казахские ханства в 16 – 18 вв., А.-А., 1971; Қазақстан тарихы, 3-т., А., 2002. М. Сүгірбеков</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ырыскелді|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}