Ылғал реттеуші екпе ағаш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ылғал реттеуші екпе ағаш - суайрық және аңғар беткейлерінің шекарасында орналастырылады. Бұл белдеулер желден қорғау және қар тоқтату міндетін атқарады. Қар суының қорын — 35—40% көбейтеді. Әдетге, белдеудің ені шамамен 60 м болады. Мүндай белдеулер жер үсті ағындысын түгелдей дерлік жер астына ауыстырады, белдеудің екі жағындағы топырақ эрозиясын жояды. Құнарлы жерді үнемдеу мақсатында тек көлбеу орналасқан аймақтарда ғана қар тоқтататын жондар қосу жолымен белдеудің енін екі есе азайтуға болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub