Ыдырыс Есенғалиұлы Қарсақбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ыдырыс Есенғалиұлы Қарсақбаев (2 қыркүйек 1932 жыл, Қостанай облысы Боровской кенті - 23 қараша, 2015 жыл) - суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1991).
- Алматы көркемсурет училищесін (1959)
- Мәскеудің Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1962).
- 1967 жылдан "Қазақфильм" студиясында суретші
- 1981 жылдан бас суретші.
Суретші-қоюшы ретінде
- "Ән қанаты" (1966)
- "Балалық шаққа саяхат" (1969)
- "Отқа оранған Орал" (1973)
- "Таңдау" (1976)
- "Транссібір экспресс (1978, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, сондай-ақ, Карловы-Варыде өткен Халықаралық және Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кино-фестивальдың жүлдесі мен КСРО ХШЖК-нің алтын медалі)
- "Жазушы" (1980)
- "Қош бол, Медеу"
- "Ай астындағы үй" (1982)
- "Батыр Баян" (1992) көркем фильмдерді түсіруге қатысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1978)
- Карловы-Варыде Халықаралық кино-фестивальдың жүлдесі
- Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кино-фестивальдың жүлдесі
- КСРО ХШЖК-нің алтын медалі
- «Еңбек ардагері» медалі (2002)
- ҚР Президентінің құрмет грамотасы (2002)
- "Экран шебері" атағы (2007). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>