Ыбырай Сәндібайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ыбырай Сәндібайұлы (1860-1930) халық композиторы, әнші(тенор), ақын-импровизатор. 1860 ж. Көкшетау облысында дүниеге келген. Үкілі Ыбырай арабша сауатты болған, әнге, өлеңге құмар, ол қазақтың атақты әнші- ақындарынан (Шөже, Біржан, Ақан сері т.б.) үлгі-өнеге алып, олардың творчестволық дәстүрін бойына сіңірді. Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” (4 түрі), “Шалқыма”, “Көкше”, “Желдірме” т.б. 40-қа жуық әндері бар. Оның әндері махаббат сезіміне, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Ел арасына кең тараған “Гәкку” әні Үкілі Ыбырай творчествосының шыңы болып табылады. Бұл әнді Е.Брусиловский “Қыз Жібек” операсында (Жібектің негізгі ариясы), ал “Арарай” әнін “Ер Тарғында”(Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай поэзиясы, тақырыбы жағынан сан- алуан болып, бір саласы жастық дәуренді жырға қосады. “Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа” өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер