Шөл игеру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Шөл игеру - ылғалы аз, ыстығы мол өңірлердегі шаруашылық айналымына қосу мақсатымен жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Шөлді өңірлер Қазақстан жерінің 1,1 млн км² ауданын, яғни республика территориясының оннан төрт бөлігін құрайды.Мұншама жерді егіншілік мүддесіне жаратып, қоғамдық мал басын өсіруге пайдалану және жарату шаралары Қазақстанда жүргізілуде. Шөлді өңірлер елтірісі бағалы қаракөл қойының, ет пен жүнді көп беретін түйенің ежелгі де қазіргі де мекені болып табылады. Қазір осы өңірлерде аталған төрт түлікті өсіру тиімді жолға ауысқан. Шөлді жерлерге шөлег төзімді өсімдіктердің тұқымын себу, отырғызу, қоғамдық малға керекті жемшөп өорын жасау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келе жатыр. Шөлді жерлерге төзімді өсімдіктер: изен, жусан, сексеуіл, жыңғыл қоянсүйек және т.б. Жемшөп дайындайтын арнаулы шаруашылықтар ұйымдастырылуда. Су құбырлары алыс мал жайылымдарына да тартылып жатыр. Ащы суды тұщытатын қондырғылар мен аппараттар қойылуда.

Дереккөздер

<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>