Шөлейт белдеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шөлейт белдеме – құрлықтың шөлейттік ландшафт түрлері басым тараған бөлігін қамтитын табиғи белдем. Қоңыржай және субтропиктік белдеудің шөл мен дала белдемінде және тропиктік белдеудің шөл мен саванна белдемдері аралығында қалыптасқан. Шөлейт белдеме Антарктидадан басқа барлық құрлықта таралған. Климаты тым континенттік, көпшілік жерінде орташа ауа темп-расы жазда 20 – 25°С, қыста 0 – 10°С. Булану жауын-шашынның жылдық мөлшерінен (300 мм) 3 – 6 есе көп. Тұрақты ағынды өзендері аз. Субтропиктік белдеудегі Шөлейт белдеме негізінен жеке үстірттер мен таулы массивтерде және тау алды өңірлерде ғана қалыптасқан. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.Кактус, көп жылдық бұта сияқты қуаңшылыққа төзімді өсімдік түрлері өседі. Суармалы жерінде жеміс өсіріледі. Тропиктік белдеудегі Шөлейт белдемене жалпы шөлейттің басқа аудандарына қарағанда ылғалдылығы молдау аймақтар жатады. Климаты ыстық және қуаң. Жаз айларындағы ауаның орташа темп-расы 30°С, ең жоғ. темп-ра 50°С шамасында, қыста 12 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 500 мм. Қызыл қоңыр топырақ басым тараған. Өсімдік түрлері ксерофиттік, бұталар мен аласа ағаштар өседі. Қоңыржай белдеудің Шөлейт белдемесі Солтүстік және Оңтүстік жарты шарда да басым таралған. Жазы ыстық, шілденің орташа температурасы 22 – 25°С, қысы қатал, қаңтардың орташа темп-расы –20°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Солтүстік жарты шардағы бөлігінде астық тұқымдастар, жусан, жүзгін, қайың, қарағай, бұта түрлері өседі. Қазақстандағы шөлейт белдеме – дала мен шөл белдемдері аралығында қалыптасқан. Негізінен еліміздің орта бөлігіндегі жазық өңірде таралған. 48° және 50° с.е. аралығында, республика жерінің 23-ын алып жатыр. Жалпы ауданы341 мың км2. Жайық жағасынан Алтай таулары етегіне дейін 2900 км-ге созылған, ені 30 – 300 км шамасында. Жер бедері батыс жағында жазық, үстіртті келеді, шығысында Сарыарқаның жазық аймақтары (ең биік жері 300 – 600) мен Ұлытау, Ақсораң, Шыңғыстау аласа тауларымен алмаса келеді. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық және қуаң, шілденің орташа темп-расы 24 – 26°С. Қысы суық және аязды, қаңтардың орташа темп-расы –14 – 16С. Қыста ең төм. темп-ра батысында –42С, шығысында –49С-қа төмендейді. Қар жамылғысының қалыңд. 20 – 60 см және 110 – 130 күндей жатады. Жылдық жауын-шашынның мөлш. батысында 250 – 350 мм, шығысында 180 – 300 мм. Булану мөлшері түскен жауын-шашыннан 4 – 5 есе артық. Белдем ағын су қорына тапшы, көбі жаз айларында тартылып қалады. Ірі өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз, т.б. Жайық, Ертіс өзендері белдемді жарып ағады. Шағын көлдерінің жалпы саны 3163, көпшілігінің суы ащы келеді; ірі көлі – Зайсан. Артезиан алаптарының маңызы күшті (Каспий, Жайық-Жем, Торғай, Алакөл артезиан алаптары). Негізінен ашық қызыл қоңыр топырақ түрі тараған, құнарлы қабаты мардымсыз (25 – 30 см), қарашірік мөлш. 2 – 3%-дан аспайды. Ылғалды ойыстарда шалғынды-қызылқоңыр топырақ қабаты қалыптасқан. Сортаң және сор жерлер де кездеседі. Солтүстігінде бетегелі-шытырлы-бозды, оңтүстігінде жусанды-бұйырғынды, өзен аңғарларында және көл жағасында тал, итмұрын, кей жерлерде шалғынды-бидайықты өсімдік басым өседі. Тау беткейлерінде кейде қарағайлы шоқ тоғай өседі. Сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені, ақкіс, ақбөкен, қарақұйрық, құстардан дала бүркіті, дуадақ, бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері, т.б. мекендейді. Шөлейт белдеме негізінен мал жайылымына пайдаланылады. Ойдым-ойдым суармалы жерлерінде көкөніс, бақша егіледі; қала Шөлейт.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қазақ энциклопедиясы,8 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}