Шөлдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шөлдеу – организмде су азайған кезде немесе судың және қандағы минералдық, сондай-ақ органикалық заттардың қалыпты арақатынасы өзгерген кезде дамитын физиологиялық сезім. Шөлдеу жеке организмнің немесе бүтіндей түрдің тіршілік әрекетін сақтауға бағытталған негізгі биол. мотивацияға (адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қимыл-әрекеттерін іске асыруға бағытталған ми құрылымының белсенді жағдайы) жатады. Ол организмдегі су қоры азайғанда немесе су мен минералдық тұздардың (көбінесе NaCl) қалыпты арақатынасы бұзылғанда пайда болады. Шөлдеудің пайда болуы – организмдегі су теңдестігі мен электролиттер тепе-теңдігін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Шөлдеу кейбір аурулардың ( мысалы , қант диабеті, бүйрек аурулары, тағыда басқа ) белгісі болып саналады. Ми жұмысының бұзылуынан пайда болатын кейбір аурулардың салдарынан суға деген қажеттілік сезілмеуі мүмкін. Ересек адамға денесінің 1 кг массасына шаққанда тәулігіне 38 – 40 мл-ге дейін су қажет. Шөлдеген кезде сілекей бөлінуі шектеліп, ауыз құрғайды, диурез процесі баяулайды. Организмдегі су тапшылығы 4 – 5% болған кезде тер шығу азайып, терінің температурасы көтеріледі, тыныс алу мен жүрек соғуы жиілеп, ас қорыту бездерінің секрециясы төмендейді. Ал денедегі су тапшылығы 8 – 10%-ға жеткен кезде – адамның жұмыс қабілеті күрт төмендеп, сілекей бөлінуі мүлдем тоқтайды, денедегі су тапшылығы 20%-дан асып кетсе, организм өз тіршілігін тоқтатады.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}