Шөген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шөген — түркі тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде қазақтарда ежелгі замандарда кең тараған спорттық ойыны. Аса шеберлікті қажет ететін бұл сайыс түрі қазақ халқында ұлттық ойын ретінде қолданылған. Өкінішке орай, бұл ойын қазір түркі дүниесі елдерінде де, қазақ халқының да кейінгі ұрпақтарында ұмыт болған.

Шөген ойынын еске түсіретін спорт түрі бұл күндері Еуропадан кездеседі. Ағылшын ақсүйектерінің сүйікті әрі машықты спорт ойынынның бірі - Поло. Полоны қазіргі замандастарымыз жақсы біледі, ол ат үстінен доп таяқпен доп қуып бәсекелесу немесе оны "атты хоккей" десе де болады. Бірақ Еуролпаның Полосын тамашалап отырып,т замандастарымыз осы ойын өзіміздің ежелгі ұлттық ойынынмыз екендігін біле бермейді. Оны біз көне түркі мұраларын зерттеу үстінде анықтап білдік. X-XI ғасырлардағы түркі халықтарының ежелгі мұраларында "Шөген" ойыны туралы нақты деректер бар. Жүсіп Баласағұни өзінің атақты дастаны "Құтты бүлік" кітабының "Елшілер қандай болу керектігі туралы баяндалатын" тарауында лосы шөгенді айтып өтеді. Елші тілге шебер, шешен, әдепті, зерелі алғыр болуы керек, әрі шахматты, шөгенді жақсы ойнауы тиіс дейді.

Махмұт Қашқари "Түркі сөздігі" кітабында шөгенді ат үстінен арнайы имек таяқпен доп қуалап ойнайтын спорт түрі деп түсіндереді. Ежелгі Талас, Шу өңірінде өмір сүрген ұлы ойшыл ақын Жүсіп Баласағұнидың айтуынша, жақсы елшілер мен қолбасылар, бектер шөген ойыны жүйрік болған және басқа да шеберлік, ептілік, ақылдылық, сергектік, зеректік қажет әртүрлі ойындарыды, өнерді меңгерген.

Қысқаша мәлімет

Шөген - қазақ ұлтының бай мәдениетін, өркениет үлгісін танытатын ойын, сондықтан "Шөгенді" қайта жаңғырту, халқымыздың "Көкпар", "Қыз қуу", "Теңге алу" секілді ойыдарының қатарында.

{{#invoke:Message box|ambox}}