Шәріпова Фарида

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Шәріпова Фарида (16.12. 1936 ж. т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Шәуешек қаласы) — актриса, Қазақ КСР-інің (1976) және КСРО-ның (1980) халық артісі, Қырғызстан Респупбликаның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1996). 1959 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (проф. А. Тоқпановтың жетекшілігімен) бітірді. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының труппасына қабылданды. Осы театрда алғаш ойнаған елеулі рөлі — Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” трагедиясындағы Баян. Шәршпованың осыдан былайғы сахналық өнер жолы аталмыш театр қызметімен тығыз байланысты. Еңлік, Шолпан, Қарлыға, Қарагөз (М.Әуезов, “Еңлік — Кебек”, “Айман — Шолпан”, “Қарақыпшақ Қобыланды” және “Қарагөз”), Жәмила (Қ.Мұхамеджанов, “Бөлтірік бөрік астында” және Ш.Айтматов, “Аңсаған менің әнімсің”), Роза (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”), Ажар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай” спектаклі және кейіннен осы аттас телефильм), Анар (О.Бөкеев, “Құлыным менің”), Мақпал (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), Қамажай (Д.Исабеков, “Әпке”), Ғайни (Т.Ахтанов, “Жоғалған дос”), Асыл (Мұхамеджанов, “Біз періште емеспіз”), Айша Садықовна (А.Жағанова, “Беймаза әйел”), Фарида (С.Балғабаев, “Ғашықсыз ғасыр”, автор аталмыш драм. шығармасын Шәріоваға арнап жазған) сияқты бір-біріне мүлдем ұқсамайтын алуан түрлі рөлдерді шебер орындауымен өзінің актерлік өнер ауқымының мол мүмкіндігін байқатты. Әсіресе, замандастар тұлғасын жасауда нағыз сахна санаткеріне тән шымыр шеберлік танытты. Актриса ойнайтын әрбір кейіпкердің асқақ арман-мұраты мен тіршілік-тынысын, ішкі жан тебіренісі мен сезім иірімдерін лирик. сыршылдықпен ашып, әсерлі де шынайы бейнеледі. Ол Толғанай (Айтматов, “Ана — Жер-ана”, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық, 1966), Кей (М.Каору, “Шығыстағы бір бейбақ"), Лиза (А.М. Горький, “Күннен туғандар”), Катарина, леди Анна (У.Шекспир, “Асауға тұсау” мен “Ричард ҚҚҚ”), Елена Андреевна (А.П. Чехов, “Ваня ағай"), Нәзия (М.Байджиев, “Жекпе-жек”), Тоня (А.Абдуллин, “Ұмытпа мені, күнім”), Ақбала (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”; КСРО Мемлекеттік сыйлық, 1974), Гүлжан (Айтматов пен Мұхамеджанов, “Көктөбедегі кездесу”), Медея (Еврипидтің осы аттас спектаклі) секілді жан дүниесі қат-қабат, күрделі мінез-кейіптерді үздік орындауымен қазақтың актерлік өнерінің дамуына мол үлес қосты. Сондай-ақ Ш. өткір мінезді рөлдерді ойнаумен де ерекше көзге түсті. Көркем сөз оқумен шұғылданды. 1955 жылдан киноға түскен: Жәмила (“Қасен мен Жәмила”), Ғалия (“Торап”, 1963; осы рөлі үшін Душанбе қ-нда өткен Орт. Азия республикалары мен Қазақстан кинофестивалінде 2-дәрежелі дипломға ие болды), Жауїаз (“Тұлпардың ізі”, 1964), Бүбіжан (“Жорғаның жүрісі”, 1969) Мүсілима (осы аттас телефильм, 1971), Кербез (“Қыз Жібек”, 1972), Қалима (“Махаббат сыры” атты телефильм, 1977), Бақытгүл (“Қала қалқаны”, 1979), т.б. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}