Шәріпбек Шардарбекұлы Шардарбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәріпбек Шардарбекұлы Шардарбеков (1941 жылы туған), құрылыс инженері. Қазақ политехникалық институтын бітірген (1966). Еңбек жолын «Келес» кеңшарында аға бақташы болудан бастаған. 1967-1978 жыладры құрылыс шебері, аға прораб, «Қазколхозарқұрылыс» ауданаралык ұйымының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, трестің бас инженері, басқарушысы. 1978 жылы «Қазколхозарқұрылыс» республикалык бірлестігінің төрағасы, 1985 жылы ҚазКСР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылык министрі болып тағайындалды. 1988 жылы желтоқсанда халық депутаттары Жезқазған облысы Кеңес атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылы желтоқсанда облыстық Кеңес төрағасы, 1993 жылғы ақпанда «Құрылыс материалдары» республикалық мемлекеттік - акционерлік өндірістік концеріннің президенті болып сайланды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1986,1990). Еңбек Қызыл Ту орденімен (1982) марапатталған.

<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}