Шәкі шешен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шәкібай Тасыбайұлы (Шәкі би, 1805-1885) – қоғам қайраткері, би, шешен, Семейдің даналарының бірі, Абайдың әкесі Құнанбай Шәкіден ұлағатты сөздерді естуге баратын, Шәкі қайтыс болғанда Құнанбай қатты мұңға салынған. Орта жүз Найман ішінде Мұрын Өр Найман тармағынан шыққан, арғы атасы Алшынбай би өз заманының кемеңгер биі болған.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Өмірбаяны
Шәкі шешен кезінде Құнанбай, Кеңгірбай, Алшынбай, Едіге сияқты Найман, Керей, Арғын елдерінің атақты би-сұлтандарымен даулы мәселелерді шешуде айтыс-тартыстарға қатысқан. Өр Найманның намысын жыртып, сөзін сөйлеген аса бетті де, білгір шешен болған. Ол Құнанбай, Абай, Әріп Тәңірбергенов(Әріп ақын) ақынмен де шешендік сайысқа түскен.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.