Шәкір Ғалиұлы Дивеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәкір Ғалиұлы Дивеев (1886, бұрынғы Сырдария облысы, Перовск уезі – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1903 жылы Ақмешіттегі 2 сыныпты училищені бітірген. 1907 – 17 жылдары Әндіжан қаласында кеңсе қызметкері, 1917 – 21 жылдары “Илатия” қоғамы Наманган бөлімінің төрағасы, Наманган қаласындағы ашаршылықпен күресу жөніндегі уездік комиссияның төрағасы, Әулиеата уездік азық-түлік бөлімінің комиссары, Түркістан АКСР-і азық-түлік халық комиссарының орынбасары, Түркістан ОАК ақпарат бюросының меңгерушісі болды. 1921 – 22 жылдары Қазақ АКСР-і егін шаруашылығы халық комиссарының орынбасары, халық комиссары, 1922 – 30 жылдары КСРО Ұлттар халық комиссариаты жанындағы Қазақстанның өкілетті өкілі, Тверь губерниясының жер басқармасы бастығының орынбасары, Қырғыз облысы сауда конторының директоры, “Қазақетөнімдері” өлкелік басқармасының басқарушысы, Қазақ шикізат дайындау басқармасының төрағасы, мемлекеттік сауда басқармасының төрағасы, 1930 – 34 жылдары Қазақ АКСР-і сауда халық комиссары, Қазақ АКСР-і жабдықтау халық комиссарының 1-орынбасары қызметтерін атқарды. 1934 жылдың қыркүйегінен 1937 жылдың сәуіріне дейін Қазақ КСР-і ішкі сауда халық комиссары, 1937 жылдың сәуірінен маусымына дейін КСРО ХКК жанындағы Қазақ КСР-і ХКК-нің тұрақты өкілі болды. 1937 жылы маусымда тұтқындалып, 1938 жылы атылды. 1958 жылы шілдеде ақталды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шәкір Ғалиұлы Дивеев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}