ШҰАР ән-би ансамблі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"ШҰАР ән-би ансамблі" - Қытайдың ШҰАР-дағы ансамбль. 1949 жылы құрылған<ref>«Көрші» әмбебап мәдени журналы, № 6591-Ж, 2009,05,№ 36</ref>.

ШҰАР ән-би ансамблі ұйғыр, қытай, қазақ, дүнген, моңғол, қырғыз, өзбек, манжұр, орыс сынды түрлі ұлттың өнерпаздарынан құралған. Ұйғыр және тағы басқа аз ұлттардың көптеген билерін, саздарын, әндерін шығарып, ахнада орындаған. ШҰАР ән-би ансамблінің өнерпаздары орындаған концерттер түрлі әлемдік жүлделерге, сыйлықтарға қол жеткізген.

2001 жылы ШҰАР ән-би ансамблі орындаған "Тянь-Шань кемпір қосағы" атты туындылары сәтті шығып, халықтың қошеметін иеленеді. осы туынды сол жылдың қыркүйек айында өткен Қытайдағы аз ұлттардың өнер байқауында шығармашылық алтын медалі, орындау алтын медалі, бишілік алтын медалі сынды 18 түрлі сыйлықты бір-ақ еншілеген болатын.

Ұлттық ән-би "Шұғылаға шомған Шинжяң" атты туындысы олардың ең жаңа, тартымды туындысы саналады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}