Шүршіт өзені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шүршіт – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км.
Бастауы
Қытай жерінде Барлық жотасының батыс беткейлерінен бастау алып, Ұзынбұлақ ауылына (Мақаншы ауданы) 4 км-дей жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы
Суы Алакөл маңында көптеген бұлақ, тұмалар ретінде жер бетіне қайта шығады. Аңғары жоғарғы ағысында (Қытайда) тар шатқалды, орталық ағысында жарлы, төменгі ағысында айқын байқалмайды. Жауын-шашын суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы шекара тұсында 0,10 м³/с.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том</ref>