Шүлбі бөгені
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шүлбі бөгені, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалық мәслихаттары және Бородулиха ауданы аумақтарында орналасқан. Ертіс өзендегі Бұқтырма және Шүлбі СЭС-тері аралығындағы қапталдық салаларды маусымдық режимде реттеу үшін 1989 ж. салынған. Жоғарғы Ертіс бөгендері каскадындағы соңғы, үшінші бөген. Шүлбі бөгенінде Үлбі және Оба өзендерінің суы жиналады, оған Бұқтырма бөгенінен шыққан су қосылып, көктемде Ертіс жайылмасын суландыру үшін пайдаланылады. 1989 ж. бірінші кезекті бөлігі пайдалануға берілді. Бөгеннің ұзындығы 72 км, су айдыны 255 км2, көлемі 2390 млн. м3, пайдалы көлемі 1470 млн. м3, орташа тереңдегі 9 м, ең терең жері Ертіс өзені арнасы табанында – 30 м. Бөген табаны Ертістің 3,5 км-лік кең аңғарында жатыр. Сонымен қатар, сол маңда Ертіске құятын Қызылсу, Оба өзендері және бірнеше ұсақ ағын сулардың жайылмаларын да басып қалған. Негізінен жайылым, шабындық, орман және тоғайлар алып жатқан жалпы ауданы 22,8 мың га жерді су басқан. Су режимі толық реттелген, жыл бойы 240 м деңгейінде ұсталады, бірақ сәуір – мамыр айларында, Ертіс жайылмасын су бастыру кезінде 13 – 20 күн ішінде 8 м-ге төмендейді. Жобадағы екінші кезекті бөлігі Бұқтырма бөгеніне дейінгі аралық салалық суларды көп жылдық реттеуге арналған және бөгенді кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}