Шүкір намазы және сәждесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шүкір намазы және сәждесі. Бір қиыншылықтан құтылған уақытта немесе жетістікке, яки нығметке бөленген уақытта шүкір ретінде екі рәкат намаз оқу немесе сәжде жасау - сүннет. Ислам дұшпаны Әбу Жәһил өлтірілген уақытта Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі рәкат намаз оқиғаны жайлы риуаят бар. Ал шүкір сәждесі тиләуат сәждесі сияқты жасалады. Құбылаға қарап, қолын көтермей тәкбір айтып сәждеге барады. Сәждеде мадақ, тәсбих, шүкір айтқаннан кейін тәкбір айтып тұрады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub