Шілменбет би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шілменбет би

Шілменбет Қарауылұлы 1836 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туып, 1916 жылы көктемге сала Мойынқұм жайлауында кайтыс болған. Кезінде Қаратаудын теріскей бетіндегі Сүлетай, Манғытай, Саңғыл, Сіргелі, Найман, Тама, Жаманбай - Таздар, Тасша, Коңыр елдері арасында шешендік, билік сөздері тарап кеткен от ауызды, орақ тілді би болған. Шілменбеттің Таздар - Досбай қажы, Қоңыр - Көлбай би Санғыл - Бегалы би т.б. би, шешендер және Құлыншақ, Молда Мұса, Майлықожа, Мөделі, Қызыл жырау, Зұлпыкар акындармен сөз жарыс, шешендік қағыстары сол атырапта әлі күнге дейін айтылып келеді. Біздің қолымызда Шілменбет және оның шешендік сөздері женінде Баба аталық Сүлгетай Есжан, Досжан, Әбділда қариялардың айткан естеліктері сақтаулы.

  • * *

Жаздың бір күні Баба атадағы Бағдәулет байдың үйіне Күңгей Жаманбай - Таздарға ұзатқан Жібек деген қарындасы төркіндеп барады. Қыз төркіндеп барған соң Бағдәулет әулеті қарап жатсын ба, өзінің Қаражан, Есжан, Досжан деген інілерін және сол атырапқа атағы жайылып кеткен Шілменбет деген би туысқанын ауыл-аймағымен шақырады. Тай сойылып қызық-думан болып жатады. Мұндай жиында шешен, биден басқа кім сөйлеуші еді? Шілменбет би өткен-кеткенді, өзі қатарлас, үзеңгілес игі жақсылар мен, би-шешен, батырлардың, ақындардың сөзін айтып ертелі-кеш сайрайды да отырады. Кешкі тамақ алдында көпшілік ішінен бір ақынсымақ жігіт Шілменбет биге: - бұл қай шақ? - деген тосын сұрақ қояды. Шілменбет: - 20 жас - бала шақ, істеген ісі шала шақ. 25-тен асқан соң жігіт шақ келеді. Кейін қартайғанда "қайран жиырма бес, екі айнальш келер ме едің?" деп өкінесің. 30 жас - өр шақ, 40 жас - ер шақ, 50 жас - бел шақ, 60 жас - дер шақ, 70 жас - мерт шақ, 80 жас - серт шақ, 90 жас - жер шақ, 100 жас - көр шақ - Енді осының бәрін таратып жіктеп шығайын ба? - дегенде, Шілменбеттің жанында отырған Бағдәулет айтыпты: - Биеке, таратпай-ақ, қой, есі бар адамға бәрі түсінікті ғой, - деп бұл әңгімені доғарды.

  • * *

Шілменбет шешен Сағындық деген баласына Тама руының Мыңжылқы атты қызын алып береді. Тамағы тоқ, дәулеті мол, малдың да басы бар Сағындық қатарынан қалсын ба, тоқал алғысы келіпті. Әңгіменің шеті шыққаннан-ақ үйде қыңқыл-сыңқыл көбейеді. Өйткені күйеуінің пейіліне Мыңжылқы қарсылық білдіреді. Сағындық өзін еркекпін деп есептеп Мыңжылқының айтқанына көнгісі келмей, жан жал шығарып, әйелін оқтаумен сабайды, оқтау сынады. Сонда Мыңжылқы Шілменбет атасына былай деген екен:

Ата, ұлыңыз тексіз тұяқ болды,

Жанымды жаным аяп болды.

Қанағатсыз, тұрақсыз саяқ болды.

Енді келініңіз шаңырақтан,

Үйдегі октау таяқ болды,

Күлдіреуішті алып, есікті сырттан,

Оқтау бөлінді, ортасынан сынды,

Таяп келді,

- деген екен.

Шілменбет бәйбішесін жіберіп, бала мен оқтауды алдырады да: - Мұның не? - дейді. - "Баланы жастан, қатынды бастан" демеуші ме едіңіздер. Қатынның басы жарылса үйдегі қыңқыл-сынкылдың бірі де, - депті баласы дым болмағандай. Сонда әкесі: - Ия балам, "баланы жастан, қатынды бастан", өнеге-үлгі етіп, төрбиеге есік ашқан. Бірақ емес қой түсіне білсең отын өшіріп, күлін шашқан. Асыл тастай ұшқын шашқан асыл келінімді кұдай саған қалай қосқан? Кет көзіме көрінбе, туарында марту басқан, - депті ашуланып.

  • * *

Қаратаудың теріскейін қоныстанған Балталы Найманда Бидаш атты әйел болыс болады. Шілменбет пен Бидаш бірде былай кездеседі. Таманың бір жігіті Найманның бір қызымен көңіл қосып, түнделетіп барып жүреді екен. Оны сезген найманның 5 жігіті оны тәубесіне келтірейін деп бір түн аңдып кездестіреді. Таманың жігіті алғыр, жаужүрек екен бесеуін де сабап, біреуінің көзі шығады. Дау басталып, Тама жағын мандарға айып төлемейді. Шілменбет ара би болып, бітістіруге Найман Бидашка келіп жолығады Сонда Бидаш салған жерден Шілменбетті сынайын деді ме: - Шілекең, Шілекең деп Қаратаудай көтергенге көрікті екен десем қар көмірдей неме екен ғой, - депті. Сонда Шілменбет: - Қара деме көмірді. Көрмейсің бе болыс қойғанын. Балқытады темірді. Бұтына сиген келінді. Отпенен барлық тіршілік, Қара десең тауып берем, Түсіне білсең өмірді. Оттан да ыстық жеміңді, Өмірдің кисық кезі бар, - депті. Бидаш орнынан атып тұрып: - Жеңілдім, жеңілдім! Сөзің миымды жарып бұтыма жетті, сүйекті жарып еттен өтті. Қаласаң өзім түгіл болыстықты да ал, - дейді. Даудың мәселесі талқыланып, таманың қариясы: - Найманның жігіті бесеу, бұл біреу, байлап тастамай ма? Таяқ жесе нашарлығы, не деп айып төлейміз? - дейді. Сонда Шілменбет:

- Найманның жігіттері бесеу екен,

Бесеуі де күйелеш көсеу екен.

Көсеуде күн бола ма?

Сұрағаны нешеу екен.

Көзіне күн жоқ, айыпты өзі.

Жігіт келмейді, болмаса қыздың сөзі,

Көзіне қоса қарындасын берсін,

Таяқ жейді жігіттің өзі.

- деп шешім айтады.

бұл шешімге Бидаш та тұрып, қызды жігітке қалыңмалсыз қосады. Ал Бидаш болса өзінің агат сөзіне Шілменбетке ат мінгізіп, шапан жабады.

  • * *

Балталы Найманда Бұзау дейтін болыстың әкесі 90 жасында қайтыс болып, соған ата салтымен өлікке келгендерге 4 кезден мата таратады. Сол матаны Бұзау болыстың інісі Шілменбеттің бір інісінен 20 тоқтыға келісіп алыпты. Арада ай өткенде матаның иесі тоқтысын сұраса, ол: - Ей, оның несін сұрайсың, болысқа берген бір тартуың болады да, - деп болыстың інісі жүре жауап береді. Мата иесі болған жағдай ағасы Шілменбетке айтады. Осы дауды шешуге Шілменбет әрі қайнағасы әрі сөзшең, дуалы ауыз Сарықойшыны ертіп Бұзау болыстың ауылына келеді. Ел жақсылары келген соң көделі мал сойылып, қымыз ішіліп, әңгіме қызады. Қайтар мезгіл жақындағанда Шілменбет келген ісі келгелі мәселе болмаған соң өзара шешерміз деп ойлайды да: - Бұзеке, азын-аулақ шаруам бар еді, оңаша шығып сөйлессек қайтеді, - депті сыпайылап. Сонда болыс ызғарланып: - Оңаша шығып сөйлесетін мен ұры емеспін! - депті. Ақыры мата мен тоқтының әңгімесі жұрт алдында айтылады. Сонда Бұзау: - Ей, Шілеке, болмашыны тіміскілеп жұрт кезіп жүрген ұры ит сияқты болғаның ба? - депті паңданып. Сонда Сарықойшы жұлып алғандай:

Ей, Бұзау, әділеттен аттама,

Шілменбетті даттама,

Арын сатқан тоқтыға,

ініңді де жақтама,

Атың ұрлық мансапты,

Қару қылып саптама,

Бұзау койған атыңды,

Әкеңді де мақтама.

Тіл шайпау сүзеген бұзау,

Мына камшы батты ма?


- деп дойыр қамшымен тартып-тартып жіберіпті.

Сонда Шілменбет: - Сареке, қойыңыз! Қамшыны жұмсама, ақысы кетеді, - дейді де: Бұзаудың таяр өлі бастан бағы, Мансабы, күш-куаты - алтын тағы. Басы бар, құлағы бар әншейін-ак, Ол қаптап койылған боқтың қабы, - деп есікке беттейді. Сарықойшы сонда: - Ей Шілменбет, тоқтай түр, - дейді. - Жоқ, тоқтамаймын, - дейді Шілменбет. - Боқтың қабы жарылып кетер, оның кесірі мыңға жетер, - деп шығып кетеді. Найманның жақсылары: - Ей, болыс, мүның қалай, кымыздың буы ма сені асқындырған, тірлігің бүтіндей теріс қой, - депті. Арада ай өтеді. Айтылған сөз - атылған оқ. Кешір деп Шілменбетке баруға Бұзауда бет жоқ. Ел келісіп бітімге Бидашты жібереді. Бидаш Шілменбетке қыдырып келген болады. Неге келгенін айтпай біраз жатады. Ақыры кетерінде:


- Шілеке, өтінген сөз бос сөз,

Жігітсіз ғой бас-көз.

Жақсыда жаттық бар ма?

Демейсіз ғой елден без.

Кешірім сізден, өтініш бізден,

Келгенімді жаныңмен сез,


- деп саусағындағы алтын жүзігін шешіп Шілменбетке ұстатады. Шілменбет мұны күтпеген еді, тосылып қалады.

- Жақсы ғой келгенің қарындасым. "Қарындас жүдесе, кемиді жарым жасым". Деген жанашыр сөз бар қазақта. Менің саған айтарым:

Маған берген несібе тепкілесе кетпейді.

Бұзаудан жеген жал-жая Қара көжеме жетпейді,

Аға деп сыйлап келіпсің,

Хан сыйлығынан көп дейді.

Саған сый ат, шапан тартайын,

Елдің арасын септейді,


- деп қайтадан аттан түсіріп, бір тай сойып, ат мінгізіп, шапан жауыпты.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шілменбет би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}