Шідерті суару жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шідерті суару жүйесі - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы және Екібастұз қалалық әкімдігі аумағы жерінде.

Шідерті, Қарасу, Көкөзек өзендерінің жайылмасын қамтиды. Шабындық суару мақсатында 1975 жылы іске қосылған. Ертіс-Қарағанды каналының суын пайдаланады. Бастауындағы су ағымы 21 м³/с. Каналының ұзындығы 108,7 км. Көлтабандап суаруды реттеу үшін 420 гидротехникалық қондырғы орнатылған. Жайылған судың орташа тереңдігі 0,4 м-ге жетеді. Жүйе негізінде 23,0 мың га шабындық суарылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 т.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер