Шыңғыс Есенаманов
Шыңғыс Сембайұлы Есенаманов (10 наурыз 1989 жыл<ref>https://vesti.kz/player/7536/</ref>, Қарағанды) — қазақстандық футзалшы, Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы мен «Семей» клубының шабуылшысы. «Семей» клубының капитаны, 2023-24 жылғы Қазақстан чемпионы.
2012, 2015 жылдары Қазақстанның үздік футзалшысы атанды.
2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.
Өмірбаяны
1999 жылдан бастап Қарағандының «Шахтер» футбол тобында жаттығуға қатысты. 13 жасынан бастап мини-футболға ауысып, «Тұлпар» командасында жаттыққан Евгений Ставилоның тобына қосылды.
2008 жылы Қазақстанның жастар құрамасына алғашқы Еуропа чемпионатына қатысу үшін шақырылды.
2009 жылдан бастап негізгі командада ойнай бастады. 2010, 2011, 2012, 2013, 2014 және 2015 жылдардағы Қазақстан чемпионаттарының күміс жүлдегері. 2008 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. 2011 және 2012 жылдардағы Кубок иегері. 2012 және 2015 жылдары Қазақстанның ең үздік мини-футболшысы деп танылды.
Қайрат
2015 жылы «Қайрат» командасына ауысты. 2015/16 маусымында ел чемпионы және Қазақстан Кубогының иегері болды.
Семей
2023 жылдан бастап — «Семей» командасының ойыншысы. 2023-24 маусымда «Семей» құрамында Қазақстан чемпионы атанды. «Семей» футзал клубының капитаны.
Ұлттық құрама
Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2016 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.
2024 жылы Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатында ⅛ финалда Португалиямен ойында гол соқты.
| Маусым | Команда | Ойын (G) | Гол (GS) |
|---|---|---|---|
| 2025–26 | Семей | 8 | 1 |
| 2024–25 | Семей | 6 | 3 |
| 2023–24 | Семей | 0 | – |
| 2022–23 | Қайрат | 6 | 1 |
| 2021–22 | Қайрат | 6 | 1 |
| 2020–21 | Қайрат | 2 | 1 |
| 2019–20 | Қайрат | 19 | 9 |
| 2018–19 | Қайрат | 37 | 12 |
| 2017–18 | Қайрат | 0 | – |
| 2016–17 | Қайрат | 0 | – |
| 2015–16 | Қайрат | 0 | – |
| 2014–15 | Тұлпар | 0 | – |
| 2013–14 | Тұлпар | 0 | – |
| 2012–13 | Тұлпар | 0 | – |
| 2011–12 | Тұлпар | 0 | – |
| 2010–11 | Тұлпар | 0 | – |
| 2009–10 | Тұлпар | 0 | – |
| 2008–09 | Тұлпар | 0 | – |