Шыңғыс Бейсембайұлы Кенжебаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шыңғыс Бейсембайұлы Кенжебаев (4 тамыз 1927, Қызылорда - 1996, Алматы) - графикашы, плакатшы, монументті-сән өнері шебері.
Өмірбаяны
- 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан.
- Алматы көркемсурет училищесін (1954) бітірген.
- Мәскеу көркемсурет институтын бітірген (1960).
Шығармашылығы
Кенжебаевтің елеулі шығармалары қатарына:
- "Біздің ауылдың адамдары" атты түрлі-түсті линогравюралар топтамасы (1959-63) жатады.
- "Қаңылтыр прокаттаушылар" (1960)
- "Ыстықкөл"
- "Қысқы кеш" (1962)
- "Менің аспаным" (триптих, 1964)
- "Алғашқы ән" (1965)
- "Д.Нұрпейісованың портреті" (1967) секілді түрлі-түсті линогравюралары Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.
Плакат саласында да өнімді еңбек етті.
Марапаттары
"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>