Шығыр (егін құрылғы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шығыр– өзен-көлден су тартып, егін суаруға арналған құрылғы. Қазақстанда көне заманнан белгілі. Мәселен, Т.Сейдалин өзінің "Торғай өзені" алқабында егіншіліктің дамуы туралы (1870) мақаласында Ш. бұл өңірде 1800 ж. пайда болды деп жазды. Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл" деген әңгімесінде астық дақылдарының тұқымын Сейітқұл Түркістаннан әкелді дейді. Шамасы, Оңтүстік Қазақстанда (Сыр бойында) Ш. бұдан бірнеше ғасыр бұрын қолданыла бастаған. Ш. көптеген ағаш бөліктерден (оқ, кіндік, жоғарғы тегершік, төменгі тегершік, кегей, қасынек, шелек, астау және т.б.) тұрады. Оқ — ұзындығы 6—7 м жуан, жұмыр бөрене. Ол әрі берік, әрі жеңіл болуға, жегілген көлікке көп күш түсірмей, тез айналуға лайықталып жасалады. Оқтың бір басы — төрт қырлы, төменгі тегершік ұңғысына кіргізілген, екінші басы — үшкір, әуіттің қарсы бетіндегі жуан бөрене кеспелтегіне, мұндағы ұяға асылып қойылған. Мұндай ұялардың жалпы саны — 10—12. Осы ұяларға әрбіреуінің ұзындығы 4—12 қарыс төрт қырлы кегейлер сына төрізді етіп кіргізілген. Әрбір кегейдің ұшындағы тесікке ұзындығы 2 қарыстай құлақша кигізілген. Шыбық таспамен байлап тасталған, сыптай өрімтал өзегін қақ, жарып өткен осындай құлақшалардың екі жақ басы шыбық бұрамаларымен бекітіліп, жалғастырылған. Кегей бастарының өзара біріктірілуі нәтижесіңде біртұтас шеңбер — қасынек пайда болады. Қасынекке ағаштан не қаңылтырдан жасалған 50— 60 шелек байланған. Олар сәл қисайта (көлбеу) орнатылған. Оқтың екінші басындағы төменгі тегергі жоғарғы тегершікпен айқасқан тістері аркылы байланысқан, жоғарғы тегершік ұңғысы кіндікке кигізілген. Кіндік тік орнатылған, оның екі жақ басы үшкір, төменгі жағында тегершік астына бекітілген кеспелтек, жоғарғы жағыңда ұзындығы кісі бойындай шектеген тіреулер бар. Әрбір тіреу мәткенің ортасындағы ойық-үяға сұғылған. Үя іш жағынан мезгіл-мезгіл майланып тұрады. Әуіт пен төменгі тегершік жер ошағының арасынан тереңдігі тізеден келетін арық қазылған. Оқ осы арыққа жатқызылады да, үсті тақтаймен жауып тасталады. Кіндіктің түп жағына байланған қалжуырға жегілген көлік (ат, түйе, өгіз, есек) жүре бастаса болды, жоғарғы тегершік төменгі тегершікті, төменгі тегершік оқты айналдыра бастайды. Мұның нәтижесінде оқтың екінші басындағы шеңбер — қасынек жартылай әуітке сүңгіп, бірден 6—7 шелек су тартып шығарады, су толассыз астауға құйылып тұрады, одан әрі егістікке кетеді. Шығыршы шеберлер Ш. бөліктерінің сапалы өрі берік болуына айрықша назар аударған. Мәселен, тегершік қалың тақтайдан немесе жонылып жалпайтылған көптеген тақтай кесінділерінен жасалған, доңғалақ терізді дөңгелек тегершік кейде жоғарғы тоғын, төменгі тоғын деп аталған. Ол көбінесе көнмен (терімен) қапталған.Ұзындығы қарыстан астам тегершік тістері едетте қайың сырғауылдан жасалған Ш. бөліктерін бір-біріне жымдастырып, мықтап байлау үшін солқылдақ көк шыбық өрімдері пайдаланылған. Әуітгің ұзындыңы әдетте 4,5—5, ені 2—2,5, тереңдігі 2,5—3 м. Диқандар оны өзен-көлмен енсіз тайыз арық арқылы жалғастырған. Су арық арқылы тікелей әуітке құйылып тұрған. Көлік айдаушы әуіттегі судың, деңгейін қатаң қадағалап отырған: су деңгейі тым жоғары болса, көлікке күш көп түседі. Әуіт қазып, Ш. орнатарда өзен-көл суының деңгейі ескеріліп отырған: ол көктемде жоғары болады да, әсіресе күзге қарай біртіндеп төмендей түседі. Осыған орай әуіт терендетіліп, су деңгейі көтерілетін болған, ол үшін кегейдің ұзындығы 4 қарыстан 12 қарысқа дейін жеткізілген. Шығыршылар таңның атуы, күннің батуы тынымсыз жұмыс істеген. Бір шығырмен бір жазда 2,5—3 га жердің егіні 3—4 рет суарылған. Әдетте егін бітік шыкқан, мол өнім берген. Көлік күшімен ғана емес, сондай-ақ су күшімен жүргізілетін шығырлар да болған. Соңғысы су шығыры деп аталған. Тарихи деректерге қарағанда, 1912 ж. Перовск уезінде 190, Қазалы уезінде 309 Ш., Нұра өзені мен Қорғалжын көлі жағасында ондаған Ш. болған. Торғай, Ырғыз уездерінде, Қаратал өзені мен Ақкөл көлінің бойындағы жерлерде егін шығырмен суарылған. Атбасар уезінің Терісакқан, Кеңгір, Сарысу өзендерінен де су тартылған. Ш. әсіресе Верный (қазіргі Алматы) мен Әулиеата (қазіргі Тараз) уездерінде, Iле, Шу өзендерінің бойында көп болған. Мәселен, атақты тарышы Шығанақ Берсиев Ұлы Отан соғысы жылдарында шығырмен суарылған егістіктің әр гектарынан 201 ц өнім алып (1943), дүниежүзілік рекорд жасады. Сол жылдары, тіпті одан кейінгі кезеңдерде берсиевшілер қозғалысы кеңінен өрістеді. Соғыстан кейін, халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында республикада, әсіресе оның шөл, шөлейт аудандарында егін шығырмен суарылдьі. Техникалық прогрестің қарыштан дамуыка байланысты 50 жылдардан бастап шығырдың шаруашылық мәні жойылды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шығыр (егін құрылғы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}