Шынболат Ділдебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шынболат Ділдебаев (1937-1998), ақын, термеші. Қазақстан Республикасының енбек сіңерген мәдениет кызметкері (1991). Жезқазған тау-кен техникумын бітірген (1964). 1957-1992 жылдарына Жезқазған кенішінің №45 шахтасыңда жұмысшы, ауысым мастері болып істеді. 80-жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарга ие болды, шебер термешілдігімен танылды. Шынболаттың заман, адам туралы толғаулары өршіл ақынның асқақ рухын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін аңғартады («Шындық» т. б.). «Кенші сыры» (1993), «Жылжиды жылдар» (1997) өлендер жинағы жарық көрді. Актөбе, Қызылорда, Сәтбаев қалаларының, Шиелі ауданның құрметті азаматы. Сәтбаев қаласында Кеншілер сарайына Шынболат есімі берілген.

<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}