Шынар Мұқанқызы Асқарова
Үлгі:Кинематограф Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры стипендиясының иегері (1995), Республикалық театр фестивалінің Бас жүлде иегері (2002), «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі (2008), «Еңлік гүл» сыйлығы (2009), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).
Өмірбаяны
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Шығармашылығы
| № | Қойылым атауы | Автор | Режиссёр | Рөлі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | «Турандот ханшайым» | К. Гоцци | Т. әл-Тарази | Адельма |
| 2 | «Қарагөз» | М. Әуезов | Б. Атабаев | Қарагөз |
| 3 | «Қилы заман» | М. Әуезов | Ә. Рахимов | Бәкей |
| 4 | «Абай» | М. Әуезов | Е. Обаев | Ажар, Әйгерім |
| 5 | «Қош, махаббат» | М. Мақатаев | Б. Атабаев | Зағыш |
| 6 | «Пара» | Н. Гоголь | Е. Обаев | Мария Антоновна |
| 7 | «Ақымақ болған басым-ай» | Мольер | Ә. Рахимов | Клодина |
| 8 | «Жан қимақ» | Қ. Ысқақ | Б. Атабаев | Бағила |
| 9 | «Қыздай жесір – штат қысқарту» | А. Сүлейменов | Ә. Рахимов | Үрия |
| 10 | «Жетінші палата» | А. Сүлейменов | Ә. Рахимов | Любава |
| 11 | «Шыңғысхан» | Иран-Ғайып | Б. Атабаев | әйел |
| 12 | «Абай десем» | Б. Римова | Б. Атабаев | Тоғжан |
| 13 | «Жуастан жуан» | Б. Покровский | Н. Тұтов | Сәния |
| 14 | «Ғашықтар» | І. Есенберлин | Қ. Сүгірбеков | Ұлбосын |
| 15 | «Саботаж-ж-ж» | Б. Майлин, Қ. Ысқақ | Ә. Рахимов | Ләйлә |
| 16 | «Дүние-думан» | Ә. Ақпанбет | Қ. Сүгірбеков | Айман |
| 17 | «Ғашықтық дерті» | Ж. Аймауытов | Қ. Сүгірбеков | Күнікей |
| 18 | «Қара кемпір» | Ә. Әмзеұлы | Е. Обаев | жеңге |
| 19 | «Күйеуіңізді сатыңызшы» | М. Задорнов | О. Кенебаев | Елена Владимировна |
| 20 | «Ескі үймен қоштасу» | Т. Нұрмағанбетов | Е. Обаев | әйел |
| 21 | «Бәкей қыз» | Т. Мәмесейітов | Ә. Рахимов | Нұрилә |
| 22 | «Мәңгілік бала бейне» | Р. Мұқанова | Б. Атабаев | Бәти |
| 23 | «Қазақтар» | Қ. Ысқақ, Шахимарден | Т. әл-Тарази | Шолпан |
| 24 | «Қылмыскерге куәлік» | Ә. Рахимов | Ә. Рахимов | Жібекше |
| 25 | «Мен ішпеген у бар ма?..» | Иран-Ғайып | О. Кенебаев | Үлкен кемпір, Жеңге |
| 26 | «Бақыт кілті» | Қ. Мұрат | Е. Обаев | Маруся |
| 27 | «Көмбе нанның дәмі» | М. Омарова | А. Кәкішева | Жәмилә |
| 28 | «Қыз Жібек» | Ғ. Мүсірепов | Е. Нұрсұлтан | Аягөз |
| 29 | «Қаза мен жаза» | И. Вовнянко | А. Әшімов, С. Асқаров | Секретарь |
| 30 | «Қоштасқым келмейді» | А. Володин | А. Маемиров | Судья |
| 31 | «Үйлену» | Н. Гоголь | В. И. Захаров | Фекла Ивановна |
| 32 | «Сүйікті менің ағатайым» | А. П. Чехов | А. Маемиров | Войницкая Мария Васильевна |
| 33 | «Сыған серенадасы» | И. Сапарбай | Е. Обаев, Т. Аралбай | Апа |
| 34 | «Абайдың жұмбағы» | Б. Әбділманов, М. Омарова | А. Оспанбаева | Ұлжан |
| 35 | «Томирис» | Шахимарден | Т. әл-Тарази | Амага |
| 36 | «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» | Ғ. Мүсірепов | Ә. Рахимов | Мақпал |
| № | Фильм | Жылы | Режиссёр | Рөлі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | «Тараз» | — | — | — |
| 2 | «Оралман из Питера» | — | — | — |
| 3 | «Весь мир у наших ног» | — | — | — |
| 4 | «Талан» | — | — | — |
| 5 | «Неделимое» | — | — | — |
| 6 | «Ең сұлу қыз» | — | — | — |
| 7 | «Жел қызы» | — | — | — |
| 8 | «Құсайыновтар. Өмір жолы» | — | — | — |
| 9 | «Кино по-понятиям» | — | — | — |
| 10 | «Өгей жүрек» | — | — | — |
Марапаттары
- 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
- 1995 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы степендиясының иегері.
- 2002 жылы Республикалық театр фестивалі (Петропавловск) Бас жүлде иегері.
- 2008 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
- 2009 жылы Қазақстан Республикасының Театр Қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығының иегері.
- 2010 жылы ҚР Тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының иегері.
- 2016 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері.
- 2017 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Астана 13 желтоқсан 2017).