Шынар Жеңісқызы Жанысбекова
Шынар Жеңісовна Жанысбекова (9 қазан 1969, Ақтам ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші. Қазақстан халық әртісі (2025). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Өмірбаяны
1969 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында туған. 1990 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық театр және көркемсурет институтын «Театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1991 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының труппасына қабылданды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Театрдан бөлек, «Хабар» телеарнасындағы «77 күн», «Әйелдер, әйелдер…», «Дудар-ай» бағдарламаларының жүргізушісі ретінде елге танымал болды.
Кинорөлдері
«Қазақ тарихы», «Қыз жылады», «Жол шамы», «Қара шаңырақ», «Залалсыздандыру», «Мент», «Аманат», «Ақ сұңқар», «Тақиялы періште — 2», «Айналайын», «Жас ұлан», «Арман қала — Астана», «Әке», «Апке», «Іңкәр жүрек», «Талан», «Мұздағы алын», «Абзал жан», «Әке» және т.б.
Марапаттары
- 2015 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ мәдени кеңістігін қалыптастыру мен дамытуға, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық идеяларын іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін ТМД парламентаралық ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
- 2016 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды;
- 2016 — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді;
- 2025 (24 қазан) — ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі, мәдениет саласындағы көрнекті жетістіктері және Қазақстан Республикасы алдындағы еңбегі үшін «Қазақстан халық әртісі» құрметті атағы берілді.<ref>Накануне Дня Республики Президент подписал Указ о присуждении ряду граждан государственных наград 24 октября 2025 года</ref>
Дереккөздер
- Ұйғыр ауданында туғандар
- Қазақстан актрисалары
- XXI ғасыр актрисалары
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан киноактрисалары
- Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері
- Қазақстан халық әртістері
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары