Шоң Телғозыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шоң Телғозыұлы (1828-1901), Арқа өңіріне есімі белгілі болған болыс. Руы Тоқа ішінде Сатыбалдыдан тарайтын Ерназар ұрпағы. Ақмола түбіндегі бастауыш мектепте орысша дәріс алған. Хангелді болысқа тілмаш болған. 1843 ж. Сібір қазақтарының (қырғыздарының) шеқаралық басқарма бастығына өтініш білдіріп, Ақмола дуанының ағасұлтаны Қонырқұлжа Құдаймендінің қарамағына хат-іс жүргізуші қызметіне қабыдданады 1857 жылында Қараағаш болысының басқарушысы болып сайланады. Осы қызметті отыз жылдан астам атқарады. Шоң мейлінше адал, әділ, жарлы-ақыбайға қамқорлығы мол болған адам. Ол патша үкіметінің де марапатына: құрмет шекпені (1859), Станислав ленталы күміс (1862) және алтын (1866) медальдары, Анна ленталы алтын медальға (1870), «Айрықша құрметті азамат» (1879) атағына ие болған. А. Жұмаділдиннің «Сен бұзылғанда» (1972) атты тарихи деректі повесінде Шоң және оның 1916 жылдың халық көтерілісін басқарған Оспан деген баласы жөнінде айтылады.

<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}