Шоқ тіреуіштер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шоқ тіреуіштер — тазалап қазып алу қазбаларындағы үңгубет маңында кені алынған кеңістікпен шектескен жерде бұталар тәрізді бірінің жанына бірі 0,1—0,2 м қашықтықта орналасқан ағаш немесе металл тіреулер. Олар кені алынған кеңістік төбесін реттеп отырғызу процесінде қолданылатын бекітпелердің бір түрі. Төбе жыныстарын құлатуды басқару барысында да лаваларда тіреуіштерді күшейту үшін шоқ тіреуіштер қолданылады. Шоқ тіреуіштердің ара қашықтығы 2—4 м және оданда артық болуы мүмкін.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>