Шорбуын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шорбуын (грек. ankylos – қисық, иілген) – буынның созылмалы ауруы. Шорбуын кезінде буын аралықтарында фиброзды, шеміршекті немесе сүйек тіндерінің қалыптан тыс өсіп, буын құрамаларының бір-біріне жабысуы салдарынан буындардың қозғалу қабілеті шектеледі немесе мүлдем жойылады. Шорбуын әр түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан (туберкулез, сүзек, соз, мерез, т.б.), жарақаттан, буынға шамадан тыс күш түсуден де (бишілерде, спортшыларда, жүк тасушыларда), буынды ұзақ уақыт қозғалтпай ұстау (мысалы, сынықта иммобилизация жасау), сондай-ақ буынға салқын тиюінен де болады.

Шорбуынның бір түріне омыртқа аралығындағы буындарда қозғалу құбылысының жоғалуы да (мысалы, Бехтерев ауруы) жатады. Шорбуында алғашында буын қалтасының іш жағы қабынады, ол бара-бара сүйектің шеміршекті басына ауысады, шеміршекті зақымдап, сүйекке шабады. Кейде буын қалтасына сарысу жиналады. Бұл кезде сүйек буындарының арасында тарамыс, шеміршек не жаңадан сүйек тіндері пайда болып, буын шорланып, бүгілмей қалады. Шорланған буын қимылдағанда, ауыр салмақ түскенде сырқырап, қатты ауырады. Шорбуынды емдеу өте күрделі. Алдымен, оны тудырған ауруды анықтап алу қажет. Шорбуынды емдеуде консервативті, хирургиялық, физиоемдер және санаторийлер мен курорттық ем тәсілдері пайдаланылады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шорбуын|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}