Шора Мұқышұлы Тәжімғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шора Мұқышұлы Тәжімғалиев (1940 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылы) – ақын, кеден қызметкері. Атырау қаласындағы педогогика институтты (1963) бітірген. Ганюшкин мектеп-интернатында (1963 – 64) оқытушы, ауданы «Ленин жолы» газеті редакциясында әдеби қызметкер, ауданы жастар комитетінің бөлім меңгерушісі (1965 – 67), Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде (1968 – 83), ішкі істер саласында (1983 – 88), Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде (1988 – 90), Маңғыстаудың кеден жүйесінде (1990 – 96) жауапты қызметтер атқарды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> 1996 жылдан «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қызметкері. Өлең жазумен айналысады. «Гүлденген шақ» (1985) және «Айтылмаған ән» (1995) атты өлең жинақтарының авторы.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}