Шонжы минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шонжы минералды суы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының шығысында 25 – 35 км жерде, Кетпен жотасы мен Іле өзеннің аралығында орналасқан. Оны 1970 ж. гидрогеологиялық барлау кезінде Қарадала минералды су көзі деген атпен 300 – 600 м тереңдіктен ұңғымалармен қазып алған. Суы өте арынды, жер бетінен 10 – 60 м, кей жерлерінде 100 м-ге дейін биіктікке шапшыған. Бұрғылау кезіндегі анықталған өнімділігі 16000 m³/тәулік, минералдылығы 0,6 – 1,0 г/л, суының жылылығы 25 – 48°С шамасында. Суының минералдық құрамы: гидрокарбонатты-сульфатты, гидрокарбонатты-хлорлы, гидрокарбонатты-хлорлы-сульфатты кальцийлі, кальцийлі-магнийлі немесе таза гидрокарбонатты натрийлі болып келеді. Шонжы минералды суының химиялық құрамы мен шипалық қасиеті жағынан Сарыағаш минералды суына өте ұқсас. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шонжы минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}