Шомбал жатын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шомбал жатын құрамы жағынан біртекті немесе әртекті, бірақ мұнайды (газды) өз бойынан өткізуге қабілетті таужыныстардың (әдетте карбонатты таужыныстардың) қомақты көтерілімінен кұралған тұтқыштағы көмірсутектер жатыны. Мұндай жатындар өздерінің жабынында мұнай мен газды өткізбейтін таужыныстармен шектелсе, төменгі бөлігі табиғи жерасты қорқоймасының басым бөлігін тоғытқан су массаларынан тұрады. Шомбал жатындардың су-мұнай немесе газ-су жапсарлары жатынды оның бүкіл аумағында кесіп өтеді және бұл жағдай таужыныстардың қат-қабатталу сипатына тәуелді емес.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}