Шолпан Ерболқызы Жаманбалаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Шолпан Ерболқызы Жаманбалаева — əлеуметтану ғылымының докторы, профессор (2006).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1971 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1993, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Қазақстан əлеуметтанушылар академиясының академиясын (2008) бітірген.
Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, кафедра доценті, деканның орынбасары (1993-2003), Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында проректор (2003-08), 2008 жылдан Қазақ ұлттық университетінде проректор қызметтерін атқарады.
Ғылыми еңбектері
"Социологический анализ девиантного поведения подростков" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары
- Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының дарынды жас әлеуметтанушыларға арналған бірінші сыйлығының лауреаты (2002);
- "ҚР тəуелсіздігіне 20 жыл" (2010);
- "Астана қаласына 10 жыл" мерейтой медалі (2008);
- "ҚР ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін" (2009);
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2007);
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары (1997, 2006, 2007);
- Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаты (2006).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>