Шолақ-арық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шолақ-арық - ирригациям лық жүйе. 1975 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедицияның ирригация тобы (жетек. В.Грошев) зерттеген. Жалпы үз. 40 км-ден астам. Бастапқы бөлігіндегі канал табанының ені 9 м, табанынан есептегенде әрбір үйінді жалдың ені 30 м, ал биіктігі 3—4 м. Бастауы Балтакөл ауылынан шығысқа карай жатқан көл жағалауынан анықталған. Көл сопақша келген, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км созылып жатыр, батыстан шығысқа қарай ені 1,5 м. Орташа тереңдігі 3 м. Көл шағын салалармен Сырдарияға жалғасады. Көлдің батыс жағалауынан екі бас канал орны айқындалған. Олардың аралары 150 м. Топограф. жағынан каналдар біртектес. Ені 7 м, тереңдігі 1,5 м, табанынан есептегенде үйінді жалдарының ені 20—25 м, биіктігі 2—3 м, жоғары жағындағы үйінді ені 4—5 м. Бүл екі канал 100 м-ден соң бір магистралды канал болып бірігеді. Тағы бір бас канал Сырдария о. жағасынан жоғары карай 1,5 км жерден анықталған. Оның үз. 2 км, табанының ені 5 м, тереңдігі 1,5 м, 8 км-ден соң солтүстікке қарай бағытталған канал Артық қалашығының батыс жағына жетеді де, 0,5 км- ден кейін Бұзық қ-на тіреледі. Аталған қалалар төңірегінде көне егіс телімдері көптеп байқалады. Бүл қалалардағы негізгі археология мәдени қабаттар 10— 15 ғасырлармен мерзім делінеді. Солтүстікке қарай бағытын сақ гай отырып, канал 8 км-ден соң Ақтөбе қалашығына, одан кейін Қандөзге тіреледі. 4 км-ден кейін канал тармақталып, бір тармағы Қүмиянга (12—13 ғасырлар), келесі бір тармағы 15 км-ден соң Сырдарияға жақындайды. Ш. бойындағы қала жұрттарынан алынған мәліметтер бүл ирригация жүйені халық 10—17 ғасырларда пайдаланғандығын, оның төңірегіне егін еккендігін дәлелдейді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шолақ-арық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}