Ши (айрық)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ши - үлттық үй жиһазы. Оның ақ ши, ораулы ши, шым ши деп аталатын түрлері бар. Ақ ши арнаулы ши өсімдігінен қабығы аршылып тоқылады. Ораулы шиді ақ шидің сыртына түрлі түсті бояған жүн орап, өрнектеп тоқиды. Шиді ораудың арнаулы өрнегі (үлгілері) бар. Ораулы ши де, ақ ши де керегенің сыртынан, туырлықтың ішінен ұсталады. Ас-су сақтауға арналып тоқылған ораулы "өреше" ши адалбақанды қоршай, үйдің ішінен ұсталады. Ораулы ши кезінде бағалы жиһаздардың бірі саналған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify