Шерман Роман Натанович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шерман Роман Натанович1929 жылы Ресей жеріндегі Житомир облысының Андрушевка кеңшарында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1952). Жоғары оку орнын тәмамдаған соң 1952 жылы республикалық "Қазақстан" баспасына қызметке орналасады. "Қайнар" баспасында – 1962 жылдан бері: әуелі бөлім меңгерушісі кейін бас редактордың орынбасары болып тағайындалады. 1987 жылдан бастап "Кок жиек" шыгармашьшык тобын басқарады.

Р.Н.Шерман тәжірибелі баспагер ретінде ауылшаруашылығы тақырыбын қамтитын арнайы ғылыми көпшілік әдебиеттерін шығарумен айналысты. Бұл салада ол жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, ұйымдастыру қабілеті қалыптасқан қызметкер ретінде танылды. Баспа өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты.

Р.Н.Шерман "Тың жерлерді игергені үшін " медалімен (1957), "Еңбек ардагері" медалімен (1986), өзге де құрмет грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}