Шерлок (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал «Шерлок»<ref>Бірінші арнаның аудармасы — «Шерлок Холмс»</ref> (Үлгі:Lang-en) — Hartswood Films компаниясымен түсірілген британдық телесериал, BBC Wales телетарату корпорациясы тапсырысымен жасалынған. Артур Конан Дойльдің Шерлок Холмс туралы детективтік туындысының сюжеті қазіргі заманға сәйкес үйлестіріліп, сериал хикаятына негіз болған. 2009 жылы көрсетілмеген пилотты эпизодқа тапсырыс берілді, ал 2010 жылдың шілде мен тамыз айында BBC One және BBC HD телеарналарында бірінші маусымның тоқсан минуттық үш эпизоды көрсетілді. 2012 жылдың қаңтар айында үш сериалы екінші маусымы көрсетілді, ал үшінші маусымы 2013 жылға жоспарланған. Қазақстанда сериал Бірінші арна арқылы көрермендерге жол тартты.

Сериал авторлары: Стивен Моффат пен Марк Гэтисс «Дәрігер Кім» және «Джекилл» телесериалдарымен танымал болған. Басты кейіпкер Шерлок Холмс рөлін Бенедикт Камбербэтч, доктор Джон Ватсон рөлін Мартин Фримен сомдаған. Түсірілім Лондон мен Кардиффте жүрген.

Жобаның екі маусымына да киносыншылар тарапынан оң пікірлер айтылып, бірнеше жүлделерге ұсынылған. 2011 жылы «Шерлок» телесериалы BAFTA телевизиялық жүлдесінің «Ең үздік драмалық сериал» санатын иеленді.<ref name="bafta.2011">Үлгі:Cite web</ref>

Түйін

Артур Конан Дойльдің туындысы — жеке детектив Шерлок Холмс пен оның серіктесі доктор Джон Ватсон туралы хикаят желісімен түсірілген сериал үлкен серпіліс әкелді. XIX ғасырдағы жағдай XXI ғасырға көшірілген: жеке детектив Шерлок Холмс, өзіне пәтер іздеп жүріп, доктор Джон Ватсонмен — Ауғанстаннан оралған әскери дәрігермен танысады. Олар қарт кісі миссис Хадсонның Бейкер-стрит көшесіндегі 221 Б пәтеріне көшіп барады. Шерлок пен Джон Скотланд-Ярдтағы күрделі қылмыстық істерді қадағалау әдісін, анализді, дедукцияны және заманауи технологияларды, соның ішінде интернет пен ұялы телефонды қолдана отырып әшкерелейді.

Жасалуы

Идея

Үлгі:Шағын сурет Телесериал — викториандық әдебиетті телевизияға бейімдеуде мол тәжірибелері бар Стивен Моффат пен Марк Гэтисстің бірлесе істеген еңбектерінің жемісі,<ref name="Parker">Үлгі:Cite news</ref>. 2007 жылы Моффат «доктор Джекил мен мистер Хайданың әдеттен тыс таңғажайып оқиғалары»(орыс.) повесіне сүйене отырып түсірілген «Джекилл» телесериалының сценарийшісі болған<ref>Үлгі:Cite news</ref>, ал Гэтисс Чарльз Диккенстің туындыларының арқауымен түсірілген «Мазасыз құрбан» атауымен белгілі «Доктор Кім» телесериалы сценарийінің авторы болған<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Идея Моффат пен Гэтисс Кардифф қаласында «Доктор Кім» телесериалымен айналысып жүрген кезде, Дойльдің туындысына қызығып жүргенде, Лондонға бара жатқан пойыздың ішінде туды<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Идеяның басты тірегі Шерлок Холмсты өз заманындағы индустриялды кезеңнен арашалау болды. Оның аңшылар бас киімі мен твидті костюмдерін смартфон мен никотинді пластыр ауыстырды<ref name="Moffat2012" />. Шерлок Холмсқа қатысты оқиғалар туралы Марк Гэтисс: «Мен бұл туындыны оқымаған адамдарды кездестіргенде, болашақта бұларды не күтіп тұр екен деген ойға қаламын»<ref name="thorpe" /> — деген пікірін білдіреді. Монте-Карлодағы жүлде ұсыну салтанатында Стивен Соффаттың жұбайы, продюсер Сью Вертью екі авторға да экранизациялау сценарийін дайындауды жүктеді<ref name="s1ep1-comm" />.

Үлгі:Quotation

Шерлок Холмсты телевизияға бейімдеу ісіне Гэтисстің көңілі толмайды, оны «тым әсірелеу әрі іш пыстырады» деп бағалайды<ref name="thorpe" />. Моффат мен Гэтисс «Шерлоктың» DVD-не берген аудиосұхбатында «Конан» деп тек Конан Дойльді ғана емес, Шерлок Холмс туралы түсірілген фильмдерді де, соның ішінде Granada Television компаниясы түсірген туындаларды да танитындықтарын айтады.<ref name="s1ep1-comm">Сью Вертью, Стивен Моффат пен Марк Гэтисс «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизодына берген аудиосұхбатында</ref>.

Шерлок Холмс рөліндегі Бенедикт Камбербэтч қылмысты әшкерлеу кезінде SMS, интернет, GPS секілді заманауи технологияларды қолданады. «Шерлоктың» екі эпизодының режиссері болған Пол Макгиган: «Бұл образ Конан Дойльдің детектив туралы жазған туындыларындағы тұлғамен ұқсас болғанмен, ол, шын мәнінде, дәл сол образбен қазіргі заманға көшірілген, шығармадағы Шерлок та дәл сериалдағыдай өз заманының соңғы технологияларын қолданады әрі қолынан келгенше зертхана тәжірибелерін өткізген» — деп өз пікірін білдіреді:<ref name="herald">Үлгі:Cite news</ref>. Бенедикт Камбербэтч өз сөзінде: «Мен Холмс Уикипедияны қолданады дегенге күмән келтіремін, бірақ ол заманауи технологияларды дереккөздер ретінде пайдаланады — деп атап өтеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Кейіпкерлердің өз аттарына қатысты сәттерінде модернизациялаған «Шерлокте» басты рөлдегі екі кейіпкер де бір-бірін фамилиясымен емес, есімдерімен атайды, өзара болған әңгімеде кездесетін тиянақсыз, французша амандасу да алынып тасталған, ал Шерлок пен Джонды гомосексуальды жұп деп шатастырады<ref name="Herald Scotland">Үлгі:Cite web</ref>.

Кейбір жерлері заманға сай өңделмей, сол қалпымен қалған. Мысалы, Бейкер-стриттегі Холмстың пәтері, оның айналасындағы атажауы Мориарти<ref name="telegraph19122008" />. Джон Ватсон рөлін сомдаған Мартин Фримен — әскери дәрігер, Ауғанстанда қызметін өтеп келген.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Туындыда ол екінші ағылшын-ауған соғысынан кейін демобилизацияланған жаңа Ватсонның кейпін жасаған кезде, Гэтисс былай деді: «Бұл дәл сол аяқталмаған соғыс деп ойладым. Дәл сол жеңілмейтін соғыс<ref name="thorpe" />.

«Шерлоктың» алпыс минуттық эпизоды 2008 жылы тамызда Эдинбург халықаралық телевизиялық фестивалінде сыншыларға көсетілді және 2009 жылдың екінші жартысына көрсетілімге дайындалды<ref name="telegraph19122008" />. Алғашқы сериал сәтті шығып жатса, онда оны толық түсіруді қолға алу ойластырылды<ref name="telegraph19122008">Үлгі:Cite news</ref>. 800 000 фунт стерлингке түскен пилотты эпизод БАҚ арасында сәтсіз шыққан туынды ретінде аталынды<ref name="Mail-yearend" /><ref name="lawson-rebirth">Үлгі:Cite news</ref>. BBC алғашқы сериалды көрсетуден бас тартып, және оның форматын өзгертіп, тоқсан минуттық үш сериалға ауыстырды<ref name="Mail-yearend">Үлгі:Cite web</ref><ref name="lawson-rebirth" />. Көрсетілмеген алғашқы сериал кейінірек DVD форматындағы бірінші маусыммен бірге шығарылды. Сериал авторлары DVD-ге берген аудиосұхбаттарында «BBC алғашғы сериалды мақұлдады, бірақ оның форматын өзгертті» деп айтт. The Guardian тілшісі Марк Лоусонның сөзінше, эпизод толығымен өзгертіліп қайта жазылған, декорация жоспары бойынша ішкі жағы және дыбысы мен даму оқиғасы толығымен жаңаланған<ref name="lawson-rebirth" />.

Актёрлік құрам және кейіпкерлер

Сурет:Matt Smith by Gage Skidmore.jpg
Мэтт Смит (суреттегі) Ватсон рөліне үміткерлердің бірі, бірақ кастингтен өтпей қалды.

Моффат пен Вертью Камбербэтчті 2007 жылғы «Күнәні жуу» фильміндегі тамаша актерлігіне қарап, Холмсты сомдауға ұсыныс жасайды. «Камбербэтч, — деп жазадыThe Guardian газеті — эксцентрлі, данышпан еркек ретінде әрі Холмстың техникаға жетіктігі мен Аспергераның жеңіл түрін ескере отырып өзін көрсете білді»<ref name="Mitchison">Үлгі:Cite news</ref>. Камбербэтч өз сұхбатында: «Холмсты сөздерінің көптігінен және ойлау қабілетінің жүйріктігінен сомдау қиындық тудырады. Ол көрермендер мен оның айналасындағы адамдардан бір қадам алда тұрады. Олар Шерлоктың ойлары түбі қайда апаратынын түсіне бермейді» — деді.<ref name="Mitchison" />. Телепродюсер Пирс Венгер сериалдағы Шерлокқа: «Қазіргі заманғы қуатты суперкейіпкер, ойлау қабілеті жоғары ізкесер, өзінің қылмыскерден бетер қу екенін, полицейлерден, тіпті бәрінен де ақылды екенін дәлелдегісі келеді» — деп баға берді.<ref name="telegraph19122008" />. 2007 жылдан бастап Лондонда темекі шегуге тыйым салғандықтан, трансляция регламенті бойынша Холмс рөліндегі Камбербэтчке дәстүрлі трубканы никотинді пластырмен алмастыру ұсынылды<ref name="herald" />. Моффат: «Шерлокты бірден «заманауи тұлға» деп айтудың қажеті жоқ, алғашында авторлар оны бұрынғы заманғы адамға да ұқсастырмай жасауды ойластырды» — дейді. Моффат екінші маусымда кейіпкерді Камбербэтчтің «керемет даусын» пайдалану арқылы «айқын викториандық» етті<ref name="ds-moff-trf">Үлгі:Cite web</ref>.

Марк Гэтисс The Observer басылымына берген сұхбатында, доктор Джон Ватсонның рөліне актер таңдауда ұжым үлкен қиыншылыққа душар болды деп айты<ref name="thorpe" />. Сью Вертьюдің сөзіне сенсек, Камбербэтч Шерлоктың рөліне лайықты болды, ал Джон Ватсонға келгенде ондай оңайшылық болмаған<ref name="guard-renew" />. Екінші басты кейіпкердің рөліне Мартин Фримен ұсынылмай тұрып, бірнеше актер бағын сынап көрді<ref name="s1ep1-comm" />. Мартин Фримен бұрын «Галактика бойынша автостоп» фильмімен танылмал болған. Алғашқы айтулы үміткерлердің бірі — Мэтт Смит болды, Моффот оны Ватсон рөлі үшін тым «қағып кеткен» деді<ref name="mattsmith">Үлгі:Cite news</ref>, кейінірек оны «Доктор Кім» сериалындағы «он бірінші дәрігер» рөліне қабылдады. Журналист Виктория Торптың пікірі бойынша: «Фримен сомдаған сенімді әрі қабілетті Ватсонның арқасында Холмс өзін жоғары белсенді социопат ретінде санайды» деді<ref name="thorpe" />. Гэтисс кейіпкердің мінезі дұрыс болғаны жақсырақ дейді: «Шынына келгенде Ватсон есерсоқ емес, Конан Дойль оны әрдайым аңқаулығы арқылы пайдаланды. Тек есерсоқтар ғана айналасын есерсоқтар мен есалаңдар толтырады»<ref name="thorpe" />. Шерлок Джонның өзі сияқты заттарға анализ жасауға басы жетпегенменде, оны өзінің досы ретінде санайды. Моффаттың айтуы бойынша: «Фримен — талантымен қарағанда Бенедиктке қарама-қайшы. Мартин айналасына қарапайым емес адамдарды жинайды, оның ішінде ұшқыр ойлыларда кездеседі. Маған оның реализмі, жасап жатқан істері де ұнайды. Мен оның барлық істеріне сенемін. Әр дубль таңқаларлықтай, әрі қайталанбас сәттер»<ref name="s1ep1-comm" />.

Конан Дойль туындыларында жай ғана «инспектор Лестрейд» деп атайды, және оның бірінші есімі еш айтылмайды, бірақта екінші маусымда Ватсон оны Грег деп атайды, және бұл Холмсты таңғалдырды. Моффат пен Гэтисс айтуы бойынша Лестрейд Конан Дойльдың әңгімелерінде онша көп кездеспейді. Олар оны негізгі нұсқасын «Алты наполеон» әңгімесінен алады: «Холмс оны еш пайдасыз дейді, бірақ ол Скотланд-Ярдтағы ер ақылдысы болатын, ал Лестрейдтің өзі Холмспен мақтанады»<ref name="s1ep1-comm" />. Инспектордың рөліне үміткерлердің кейбіреулері кастингтегі қойылымға комедия тұстарды да қолданды, бірақ сериал авторлары Руперт Грейвсті осы рөлге лайық деп таныды<ref name="s1ep1-comm" />.

Скотт бірінші рет бірінші маусымның үшінші «Үлкен ойын» эпизодында Джим Мориарти рөлін сомдады. Сериалда ол өзін Джим деп таныстырады, ал Холмс оны «үйретуші қылмыскер» деп атайды. Моффат былай дейді: «Біз алғашында Мориартиге не қылатынымызды білгенбіз. Мориарти биік мақсатты қылмыскер болмайтын, бірақ өз айтқанынан қайтпайтын адам, және де біз оны адам шошыр кейіпте болғанды қаладық. Кім болса да біреу есалаң болу керек емес пе!»<ref name="guard-renew" />. Алдын-ала Моффат пен Гэтисс екі кейіпкердің — Шерлок пен Мориарти — қарсыласуын үш эпизодқа бөлеміз деп ойламаған, «Шерлок Холмстың соңғы ісі»(орыс.) көрінісінде екі қарсыласқан жау бетпе-бет кездеседі, сондықтан бұл міндетті түрде керек екенін кейін барып түсінеді<ref name="s1ep3-comm" />.

  • Майкрофт Холмстың рөлінде Марк Гэтисс.

Шерлоктың үлкен ағасының рөлін Гэтисстің өзі сомдады. Моффаттың сөзі бойынша, сериалдағы Майкрофт Конан Дойльдың жазған кейіпкер образына емес, Билли Уайлдердің «Шерлок Холмстың жеке өмірі (фильм)»(орыс.) шығармасындағы Кристофер Лиге көбірек ұқсайды<ref name="s1ep1-comm" />. Бірақ Конан енгізген біршама жерлер сақталған: Майкрофт үкіметтің жоғарғы мүшесі, көп қарым-қатынас жасаспайды, «Диоген» ерлер клубына барады және інісімен айтарлықтай араздастығы жоқ.

Миссис Хадсон — Ватсон мен Холмс тұрып жатқан пәтердің иесі, екеуімен де жақсы қарым-қатынаста. Уна Стаббс өз сөзінде: «Шерлок миссис Хадсонды сыйлайды, жақсы көреді, ал ол Шерлоктың қамын ойлап жүреді, және Джонменде қарым-қатынасы дәл сондай» деп айтады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сериалдағы басқа да кейіпкерлер — полиция сержанты Салли Донован және патологоанатом Молли Хупер рөлдерін Винетт Робинсон және Луиза Брили сомдады. Шақырылған актерлер тізіміне кірді: Фил Дэвис таксист пен Джефф Хоупты өлтірген қылмыскерді<ref name="s1ep1">Үлгі:Cite episode</ref>, Дэвид Неллист Ватсонның курстасы Майк Стамфордты, Джонатан Арис судмедэксперт Андерсонды, Пол Чекер инспектор Диммокты<ref name="s1ep2">Үлгі:Cite episode</ref>, Зои Телфорд Сараның рөлін<ref name="s1ep2" />, Джемма Чан Су Линь Яоның рөлін<ref name="s1ep2" />, Джон Сешнс Кенни Принстың<ref name="s1ep3">Үлгі:Cite episode</ref>, Хайдн Гвайнн галерея қараушысы мисс Винчеслас<ref name="s1ep3" /> және Дебора Мур Мориартидың тұтқынындағы адамды сомдады<ref name="s1ep3-comm">. Марк Гэтисстың аудиосұхбатында; Бенедикт Камбербэтч пен Мартин Фримен, «Үлкен ойын» эпизоды.</ref>. «Белгравиядағы бассыздық» Лара Пюльве Ирэн Адлердің рөлін сомдады<ref name="pulv-ds">Үлгі:Cite web</ref>. «Бұл әйелдің» шығуы маусымның ең анықтаушы кезеңі деп болжады: «Міне сіздердің айғақтарыңыз: Адлер, ит, Рейхенбах». «Баскервил иті» Рассел Тови Шерлоктың клиенті Генри Найттың рөлін ойнады<ref name="en">Үлгі:Cite web</ref>, ал «Рейхенбах сарқырамасында» Кэтрин Паркинсон журналист Китти Райлидың рөлін ойнады.

Түсірілім периоды және кезеңдері

Сурет:The Reichenbach Fall filming (video).ogv
«Рейхенбах сарқырамасы» эпизодының кулминациясы (Қасиетті Варфоломея госпиталының шатыры, 24 тамыз 2011жыл)
Сурет:North Gower Street, London - Sherlock.jpg
221 Б пәтерінің рөліндегі Норт-Гоуэр-стриттегі 185 үй

Сериалды Hartswood Films компаниясы BBC Wales және бірлескен BBC Worldwide пен Masterpiece үшін түсірген, ал PBS компаниясы қаржы мен түсірілімге жағынан көмек көрсеткен<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref name="weisman">Үлгі:Cite news</ref><ref name="press12july">Үлгі:Cite web</ref>. Пилотты эпизодтың түсірілімі Моффаттың сценарийі мен Коки Гедройцтың режиссёрлігі арқылы 2009 жылдың қаңтар айында Лондон мен Кардиффте өтті<ref>Үлгі:Cite press release</ref>. Қаңтардың 20-сының 21-не қараған түні Суонси қаласында Винд-стрит көшесіндегі Холмс пен Ватсон кешкі ас ішкен No Sign атты кафе-барында бірнеше қойылымдар түсірілген<ref name="Exclusive" /><ref>Үлгі:Cite news</ref>. 21 қаңтар күні түсірілімдер Кардиффтегі Ньюпорт-роадта, дәл сол аптада тағы Мертир-Тидвилде болды<ref>Үлгі:Cite news</ref>, ал 23 қаңтарда бірнеше сценалар Лондондағы Бейкер-стрит көшесінде түсірілді, бірақ бұл сериалдағы 221 Б пәтер болғанмен, Норт-Гоуэр-стрит көшесіндегі 185 үй болатын<ref name="Exclusive">Үлгі:Cite news</ref><ref name="londontown">Үлгі:Cite journal</ref>. Түсірілімдер Бейкер-стрит 221 Б үйінде адамдардың және жардағы «Шерлок Холмс» жазуы бар тақташалардың көп болуы да қиыншылық тудырды, бұларды оқшаулау мен жасыру арқылы көрсетпеді<ref name="speedys">Үлгі:Cite news</ref>.

Интерьермен жасалған 221 Б пәтерін әрлеумен қоюшы-суретші Арвел Вин Джонс айналысты. Гэтисс пен Моффат айтқандай заманауи күйге енгізуді ойлады. Джонс пәтерді детектив-консультаттық күйден заманауи Лондон пәтерлерінің біріне айналдыруды ойлады — жапсырмалар мен интерьер заттармен, 30-40 жыл бұрынғы заттармен, және де Конан Дойльдың әңгімелеріндегі суреттегендеріне ұқсастырып көркемдеді. Пәтердегі заттардың көбісі антикварлар мен ұсталған заттар болатын, кейбіреулері, мысалы, бірнеше кітаптар сериал авторының өзінікі еді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2009 жылдың шілдесінде 2010 жылдың жаз айларында көрсетілетін тоқсан минуттық үш эпизодына түсірілімдері басталғаны туралы хабарлады<ref>Үлгі:Cite news</ref>. «Шерлок» сериалы түсіріле бастағанда, Моффат өзінің продюсерлік орнын Гэтисс алмастыратынын айтқан, ал өзі «Доктор Кім» жобасымен айналысып кетеді<ref name="Parker" />. Түсірілімнің бірінші маусымы 2010 жылдың қаңтар айынан басталды. Пол Макгиган бірінші және үшінші — «Қоңыр қызыл түстегі этюд» пен «Үлкен ойын» эпизодтарының режиссері болды, ал Эйрос Лин — екінші, «Соқыр банкир» эпизодының режиссері болды<ref>Үлгі:Cite press release</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>. Эпизодтар телевизиялық трансляция тәртібімен түсірілді<ref name="s1ep3-comm" />. Декорация Кардифф қаласындағы Hartswood Films компаниясына тиесілі Hartswood Films West компаниясынан алынды. Ол 2009 жылы ашылған және BBC бұны өзінің жобасының бір бөлігі ретінде алуға жоспарлаған. Cценалардың кейбір бөліктері «Доктор Кім» түсіріліп жатқан Upper Boat Studios(ағыл.) түсірілім алаңында түсірілді<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Оксфорд университетіндегі океанграфия мектебіндегі зертхана Шерлоктың жеке зертханасы ретінде таңдалды<ref name="Cardiff University">Үлгі:Cite web</ref>; мәйітханадағы көріністер Лондондағы Вест-Смитсфилд көшесіндегі Қасиетті Варфоломея госпиталында түсірілді; «Үлкен ойын» эпизодындағы бірнеше көріністер канализацияларда, ал қорытынды көрінісі Бристолдегі бассейнде түсірілді.

Сурет:A Scandal in Belgravia.jpg
Пол Макгиган сериалдағы хабарлама мен блогтағы мәтіндердің экранда көрінуін ойлап тапқан. Суретте: «Белгравиядағы бассыздық» эпизодындағы кадр

2010 жылдың 10 тамызында BBC телеарнасы сериалдың екінші маусымына түсірілім басталғаны туралы мәлімдеді, ал Марк Гэтисс өзінің Твиттер-аккаунттында түсірілімдер 24 мамырдан басталып, 2011 жылдың 24 тамызында аяқталады деп жазды. Түсірілім үшін бұйрабас Камбербэтч өз шашын қара түске бояу керек болды, және де Эос Чатердің жетекшілігімен скрипкада ойнауды үйренуге тура келді. Чатер скрипкамен Бенедикт үшін түсірілім алаңынан тыс жерде бір-екі үзінді ойнайды, ал Бенедикт композиция ырғағына еріп саусағын қозғалтады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Авторлар басты рөлдердердегі кейіпкерлердің басқа да жобалармен айналысып жатқасын бос болмауына<ref name="guard171211" /> және Стивен Моффатта «Доктора Кім» сериалымен айналасып жүруіне байланысты түсірілімдерге арнайы график құруға тура келді<ref name="guard171211">Үлгі:Cite news</ref>. «Баскервил иттері» эпизоды табиғи жағдайда Уэльстегі Лвиндкоед елді мекенінің жанында түсірілді<ref name="Wales Online 2">Үлгі:Cite web</ref>; түсірілім периоды аяқталғаннан кейін ұжым 500 фунт стерлингті жұмсауына тура келді<ref name="Wales Online">Үлгі:Cite web</ref>.

Пилотты эпизодта BAFTA Cymru жүлдесінің иегері дизайнер Рэй Холман костюм жағынан суретші қызметін атқарды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Сериалда Камбербэтч Belstaff(ағыл.) маркасының 1000 фунт стерлингке бағаланатын пальтоны киген<ref name="indep-costume" />. Бірінші маусымның түсірілімі кезінде Холманды Сара Артур алмастырды, және кейіпкер образын жасау туралы өз пікірінде: «Холмс ешқашан сәнге көп мән бермеген, сондықтан мен классикалық костюмнен заманауи киімдерге ауыстым: аяқ сұлбасына сай шалбар және түймесі салынған пиджак киілді. Лондондық фонда жақсы көріну үшін — барлық көрініске сай ұзын пальто мен соған сәйкес көйлек таңдадым»<ref name="indep-costume">Үлгі:Cite news</ref>.

Авторларға біршама ойландыратын сұрақтарды шешуге тура келді, соның бірі, үйдің айналасына «221 Б» жазуы жазылған тақтайшаларды ілу. Қазіргі уақытта сол үйдің қабырғасында пәтердің номері емес, тек үй номері жазалып тұр, бірақ 221Б — Шерлок Холмс тарихында үлкен рөл атқаратындықтан, авторлар номерлеу әдісінен аулақ болуды шешті<ref name="s1ep1-comm" />. Авторлардың тағы бір идеяларының бірі — басты рөлдегі кейіпкерлер бір-бірін фамилиясымен емес, өз есімдерімен атауы. Көрермендерге хабарламадағы, блог пен сайттағы мәтіндерді оқу үшін, пост-продакшн кезінде Пол Макгиганға хабарламадағы сөздерді бөлек кадр қылып көрсеткенше, бірден экран бетіне шығару туралы ой келді<ref name="s1ep1-comm" />.

Эпизодтар тізімі

Бірінші маусым (2010)

Үлгі:Episode listҮлгі:Episode listҮлгі:Episode list
Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Ұлыбритания экранына

шыққан уақыты

Көрермендер (млн адам)

Екінші маусым (2012)

Үлгі:Episode listҮлгі:Episode listҮлгі:Episode list
Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Ұлыбритания экранына

шыққан уақыты

Көрермендер (млн адам)

Үшінші маусым (2014)

Үлгі:Episode listҮлгі:Episode listҮлгі:Episode list
Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Ұлыбритания экранына шыққан уақыты Көрермендер (млн адам)

Трансляциялар және рейтингтер

Бірінші эпизод 2010 жылы 25 шілдеде BBC One және BBC HD телеарналары арқылы эфирге шықты, ал қалған эпизодтары бір апта аралығында көрсетіліп тұрды. BBC компаниясы 180 астам елдерге трансляциялауға арналған рұқсаттарды сатты, олар дубляж немесе субтитрлармен көрсетіледі. Америка Құрама Штаттарында 2010 жылдың 24 қазаны мен 7 қараша аралығында көрсетілді. Ресейде сериал «Шерлок Холмс»<ref>Бірақ негізгі сериал аты "Шерлок" деп аталады, осыған орай Орыс Уикипедиясында мақала атын „Шерлок Холмс“ деп өзгерту туралы талқылау басталған, бірақ қатысушылардың өтініші бойынша мақала аты сол күйінше қалды</ref> деп өзгертілді және бірінші эпизоды Бірінші арна арқылы 2010 жылдың 18 қыркүйегінде көрсетілді, ал қалғандары — апта сайын көрсетіліп тұрды. Ұлыбританияда «Шерлок» сериалының бірінші маусымының әрбір эпизодын көрермендердің ауқымды көлемі көре бастады. BBC One мен BBC HD телеарнасындағы премьерасында телеарна аудиториясының 28,5 % көрермені<ref name="guard-ep1-fig">Үлгі:Cite news</ref>, екінші эпизодын — 25,6 % көрермен<ref name="guard-ep2-fig"/>, ал үшінші эпизодын көрерменнің 31,3 % тамашалады<ref name="ds-rat-ep3"/>.

2010 жылы 28 тамызда BBC екінші маусымның тоқсан минуттық эпизодтары 2011 жылдың тамызына дейін шығады деп хабарлады<ref>Үлгі:Cite web</ref>, бірақ 2011 жылдың тамызында шығу керек сериалдың екінші маусымы 2012 жылға қалатыны туралы хабарлады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ұлыбританиядағы бірінші маусымның премьерасы 2012 жылдың 1 қаңтарында BBC One мен BBC HD телеарналарында бір мезетте көрсетілді. Екінші маусымды трансляциялаған тұңғыш шетелдік арна — ресейлік Бірінші арна болды. Маусымның үш сериясы қатарынан британдық премьерадан бір күн кеш 2 қаңтар, 9 қаңтар және 16 қаңтарда көрсетілді. Ал АҚШ-тағы көрсетілімді 2012 жылдың мамырына жоспарланды. Ұлыбританияда екінші маусымның үш сериясы, соның ішінде бірінші сериясы телеарналар аудиториясының 30% көрермендерін<ref>Үлгі:Cite news</ref>, екіншісі — 29 % көрермендерін, ал үшінші — 30 % көрермендерін қызықтырды<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

Қазақстандағы трансляция

2014 ж. Қазақстан Ұлттық Телеарнасы сериалдың қазақ тіліндегі трансляциясын тарата бастады.<ref>http://kaztrk.kz/kaz/portal/Zhumbaktin_sheshimin_tabatin_bir-ak_adam_bar_id1394805338.html</ref>

Басылымдар және байланысты өнімдер

Алғашқы маусымы DVD-ге жазылып 2010 жылы 30 тамызда Ұлыбританияда 2 Entertain компаниясынан, 4 қарашада Аустралиядан<ref>Үлгі:Cite web</ref> және де 9 қарашада АҚШ-та шығарылды. Үш эпизодтан басқа сериалға қатысы бар материалдарда салынған. «Қоңыр қызыл түстегі этюд» сериясына Стивен Моффаттан, Марк Гэтисс пен Сью Вертьюден аудиосұхбаттар алынды, ал «Үлкен ойын» эпизодына — Гэтисстен, Бенедикт Камбербэтч пен Мартин Фрименнен аудиосұхбаттар алынды. Бұлардан басқа DVD-ге 32 минуттты Unlocking Sherlock деген деректі фильмде қосылған<ref>Үлгі:Cite web</ref>, сонымен бірге Коки Гедройц режиссерлік жасаған осы атаулы пилотты эпизодта кіргізілді<ref>Үлгі:Cite web</ref>; журналист Марк Лоусон: «эпизодтар тізіміне пилотты эпизодты да кіргізгені мақтанарлықтай» деді<ref name="lawson-rebirth" />. Британ фильмдер мен бейне-ойындарға баға беру жүйесіне сенсек, пилотты эпизод 12 certificate рейтингін алды<ref name="bbfc-pilot">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ресей мен ТМД елдерінде сериал DVD-де «Флагман Трейд» компаниясы арқылы таралады. Бірінші маусымы 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап сатылымға шықты, бірақ бұл эпизодтар орыс тіліне немесе ТМД көлеміндегі басқа тілдерге аударылмаған болатын.

Екінші маусым дискіде Ұлыбританияда 2012 жылы 23 қаңтарда шығарыла бастайды<ref name="autogenerated1">Үлгі:Cite web</ref>, және осы эпизодтарға арналған аудиосұхбаттарда дискіге бірге жазылуыда мүмкін<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

BBC Books басылымы мұқабасында Камбербэтч пен Фримен суреті бейнеленген Конан Дойльдың бірнеше әңгімелері жазылған кітаптарды сатылымға шығарды. 2011 жылының күзінде екі эпизод — «Қоңыр қызыл түстегі этюд» пен «Шерлок Холмстың бастан кешкендері» әңгімелері шықты<ref>Үлгі:Кітап</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>; Баскервеля иттері» әңгімесі 2012 жылы шығарылады деп күтілуде<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Саундтрек

Сериалдың саундтрегі Хэмпстедтегі Air студиясында Майк Прайс(ағыл.) «Грэмми» лауреаты Дэвид Арнольдпен бірге жазды<ref name="KMoran">Үлгі:Cite web
Сайтқа кіру ақылы, сканерленген материалды қарау үшін мына газеттенҮлгі:Ref-en қарауға болады</ref>. Саундтрек жазуға Шерлоктың скрипкадағы бірнеше үзіндісін орындаған Эос Чатерде қатысты. Бірінші маусымына арналған саундтрек Silva Screen компаниясынан 2012 жылдың 30 қаңтарында, ал екіншісі — сол жылдың 27 ақпанында шықты<ref name="soundtrack.series1">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Екі дискетте 19 композициядан тұрады. Үлгі:Tracklist Үлгі:Tracklist

Реакция

Сын-пікірлер

Сурет:The Reichenbach Fall filming (4).JPG
Шерлок Холмстың сериалдағы образы көрермендер мен дизайнерлер арасында танылмал болды

Сериал бірінші эпизодтарынан бастап сыншылардан жақсы пікірлер ала бастайды<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>. The Observer газеті теле-шоуды былай деп атады «мысалға алғанда „Доктора Кім“ сериалына арналған „Уитнейл и Я“ мен „Ультиматумом Борна“ арасындағы түрткі; таң қалудың қажеті шамалы, сериалды „Доктора Кім“ жобасының сценаристері Марк Гэтисс пен Стивен Моффат жазған»<ref name="thorpe">Үлгі:Cite news</ref>. The Guardian тілшісі Дэн Мартин өз сөзінде былай деді: «Сынауға әлі ерте, бірақ алғашқы тоқсан минутты үш сериясы өте сәтті шыққан. Шерлок Холмс «шпиондық» мінезді жақсы меңгерген, ол бірақ шпион емес, ойланып табушы емес пе»<ref>Үлгі:Cite news</ref>. The Guardian-ның тағы бір журналисті, Сэм Волластон, сюжеттің кейбір тұстары әлі де түсіндірілмей қалды депті<ref>Үлгі:Cite news</ref>. The Independent-тен келген Том Сатклифф: «Шерлок ондай қатты «тапқырлау» болған жоқ, оның образы сериалдағыдан алшақтау болды» деді. Сатклифф жазады: «„Шерлок“ өте ақылды, данышпан, астарлы ойлайды. Ол кез-келген істі өзіне қатты алмайтыны, оны байыппен шешетіні түсінікті… Оның бастапқы әңгімелердегі „Шерлокқа“ ұқсай бермейді, ол өзі басқан әр қадамына сенімді»<ref>Үлгі:Cite news</ref>. «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизодының жоғары рейтингінен кейін BBC компаниясы сериалды әрі қарай түсіруге құлшынысы арта түсті<ref>Үлгі:Cite news</ref>, ал 2010 жылы 10 тамызда «Шерлок» сериалы екінші маусымға ұзартылды<ref name="guard-renew">Үлгі:Cite news</ref>.

Сериал американдық көрермендердің де ықыласына бөленді. San Francisco Chronicle сөздеріне сенсек «Шерлок» — онжылдықтағы ең үздік детективтік сериал деп аталды: «Конан Дойльдың үлкен еңбегі, актерлердің жақсы ойнауы, үздік режиссерліктің арқасында түпнұсқасынанда асып түсті»<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Көптеген көрермендер бұл сериалды әр түрлі сериалдарға ұқсас екенін, соның ішінде «Доктор Кімді» жасап жатқан Марк пен Гэтисстің қолы сезіліп тұрғанын айтады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Танымалдылық

Жаңа Холмстың кейпі көрермендерге ұнай бастаған кезде, Debenhams киім дүкені сериалдағы пальтоны сатылымға шығара бастады<ref name="petridis">Үлгі:Cite news</ref>, ал сериалдағы Камбербэтч киген пальтоны шығарған Belstaff маркасы сауданы жаңартты. Дизайнер Пол Костелло британдық детективтің киім үлгісінен әсер алып, жүнді пальтолер мен шарфтар коллекциясын шығарды, ал Джон Пирс көптеген тұтынушылар телесериалдағы пальтоны тігуге өтініш білдірді деп айтады<ref name="indep-costume" />. Журналист Алексис Петридистың пікірі бойынша: «Еркектерге неге осылай киінгенді қалайтынын түсінуге болады. Камбербэтч шын мәнісінде әдемі болмағанмен, сериалдағы кейпі көптеген әйелдер қауымын жинайды. Сондықтан британдық еркектер стильінің бетке ұстары — ойдан шығарылған сексуальды психопат. Әрине, ұлы ізкесер кейпі осылай танымал болатыны ешкімге де мәлім болған емес»<ref name="petridis" />. Британдық сериалдан және режиссер Гаи Ричидің фильмдерінен әсер алған Vogue журналы мен Dolce & Gabbana сән үйі өзінің жаңа коллекцияларын ұсынды.

Басылым мен таратушылар сериалдың бірінші маусымын трансляциялау кезінде Шерлок Холмс туралы кітаптардың сатылымы 180 %-ға өскені туралы хабарлады<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Penguin Classics басылымы 2010 жылдың жаз мезгілінде Шерлок Холмс туралы кітаптардың сатылымы 83 %-ға өскенін айтты. Норт-Гоуэр-стриттегі 185 үйдің бірінші қабатында орналасқан, түсірілім кезінде 221 Б пәтері ретінде қолданылған Speedy’s шағын кафесі сериалдың эфирге шыққанынан бастап кафенің тұтынушылар тез көбейе бастағаны туралы хабарлады<ref>Үлгі:Cite web.</ref>. Бұдан басқа, BBC Online сериалдағы басты рөлдердегі кейіпкерлердің сайттарын ашты — Джон Ватсонның блогы, «Дедукция теориясы» атымен аталатын Шерлоктың сайты, Молли Хупердің блогы және де бірінші маусымның үшінші эпизодының құрбаны Конни Принстің сайты. Сайттардың жаңару жағынмен бұның алдында "Доктор Кім" жобасымен жұмыс жасаған Джозеф Лидстер(ағыл.) айналысады<ref name="tieien">Үлгі:Cite web</ref>.

Фотогалерея

<center>

Жүлделер мен номинациялар

Жыл Жүлде Санаты Лауреат немесе номинант Қорытынды
2010 Қосымша жүлделер Ең үздік мини-сериал немесе телевизиялық фильм Үлгі:Won
Ең үздік ер адам рөлі (драма) Бенедикт Кэмбербэтч Үлгі:Nom
Пибоди жүлдесі<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік көңіл көтеретін программа «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды Үлгі:Won
Корольдік телевизиялық ұйым<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік түпнұсқалы саундтрек — кіріспе титрлері Майкл Пирс, Дэвид Арнольд Үлгі:Won
Ең үздік монтаж (драма) Чарли Филлипс Үлгі:Won
Ең үздік түпнұсқалы саундтрек Майкл Пирс, Дэвид Арнольд Үлгі:Nom
Ең үздік операторлық жұмыс Стив Льюис Үлгі:Nom
2011 Ұлыбритания сценаристері<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік телевизиялық қысқаметражды сериалы Үлгі:Nom
Британия теле және радиоиндустрия клубы<ref>Үлгі:Cite web</ref> Жылдың Ең үздік телепрограммасы (драма) Үлгі:Nom
Телевизиялық сын-пікіршілер ассоциациясы<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік телесериал, мини-сериал немесе басқа форматтағы Үлгі:Won
TV Quick Award<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік жаңа сериал (драма) Үлгі:Won
Ең үздік актёр Бенедикт Камбербэтч Үлгі:Nom
Корольдік телевизиялық ұйым Ең үздік драмалық сериал Үлгі:Won
Prix Europa<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік телесериал «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Үлгі:Nom
Ұлттық телевизиялық жүлде Ең үздік драмалық сериал Үлгі:Nom
Драмалық сериалдағы Ең үздік актер Бенедикт Камбербэтч Үлгі:Nom
Эмми<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік музыкалық туынды «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Дэвид Арнольд, Майкл Прайс Үлгі:Nom
Мини-сериал немесе телефильмнің бір камераға түсірілген Ең үздік монтажы «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Чарли Филлипс Үлгі:Nom
Мини-сериалдағы Ең үздік визуалды көріністер Джеймс Д. Этерингтон, Дени Харграйвс Үлгі:Nom
Ең үздік мини-сериалдың немесе телефильмнің (драма) сценарийі «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Стивен Моффат Үлгі:Nom
Ұлыбританияның Гильдия басылымы Ең үздік актер Бенедикт Камбербэтч Үлгі:Won
Ең үздік драмалық сериал Үлгі:Nom
Сценаристтер жүлдесі Стивен Моффат, Марк Гэтисс, Стив Томпсон Үлгі:Nom
Халықаралық телевизиялық фестиваль, Банфф қаласы Ең үздік жалғасушы сериал Үлгі:Won
BAFTA Cymru<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік дыбыс «Үлкен ойын» эпизоды, Джереми Чайлд, Джон Муни, Даг Синклар Үлгі:Nom
Ең үздік телесериал (драма) «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Сью Вертью Үлгі:Won
Қоюшы-суретшінің Ең үздік жұмысы «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Эруэл Джонс Үлгі:Won
Парикмахер мен гримёрдің Ең үздік жұмысы «Үлкен ойын» эпизоды, Чарли Притчард Үлгі:Won
Ең үздік режиссура «Соқыр банкир» эпизоды, Эйрос Лин Үлгі:Won
Ең үздік операторлық жұмыс «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Стив Лоус Үлгі:Won
BAFTA TV<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ең үздік драмалық сериал Үлгі:Won
Ең үздік монтаж «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Чарли Филлипс Үлгі:Won
Ең үздік жоспарлы екінші актер Мартин Фримен Үлгі:Won
Ең үздік актер Бенедикт Камбербэтч Үлгі:Nom
Ең үздік режиссура «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Пол Макгиган Үлгі:Nom
Ең үздік түпнұсқалы ән «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Дэвид Арнольд, Майкл Пирс Үлгі:Nom
Қоюшы-суретшінің Ең үздік жұмысы «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизоды, Эруэл Джонс Үлгі:Nom
Сатурн Ең үздік телевизиялық қойылым Үлгі:Nom
Эдинбург ұлттық телевизиялық фестиваль Ең үздік телепрограмма Үлгі:Nom
The Network & Fast Track арнайы жүлдесі Үлгі:Nom

Дереккөздер

Үлгі:References

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat

Сериал кейіпкерлерінің сайттары

Үлгі:Шерлок Холмс Үлгі:Таңдаулы мақала