Шеркез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Шеркез (Үлгі:Lang-la) - алабұталар тұқымдасына жататын, биіктігі 3 метрге жететін, көп жылдық, бұталы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Қабығы ақ сұрғылт түсті.
  • Жапырақтары жіңішке кезектесе орналасқан.
  • Гүлдері майда, жапырақтарының қуысында масаша тәрізденіп өскен.
  • Жемісі - шар тәрізді қанатты жаңғақ.
  • Мамыр айынан қараша айына дейін гүлдейді. Құмды жерлерде және далалы аймақтарда өседі.

Шеркездің аз жапырақты түрі - биіктігі 120 см-ге дейін жететін аласа бұта.

  • Жапырақтары қалыңдау әрі тықыр болады.
  • Сазды және тастақты беткейлерде, сортаңды және құмды жерлерде өседі.

Құрамы және емдік қасиеті

Дәрі жасау үшін күзде шеркездің жемісі мен қалған гүлдерін жинайды. Ал азжапырақты шеркездің көк бұталарын пышақпен кесіп алады. Құрамында сальсолин, сальсолидин деге алкалоидтар, сальсомин бар.

  • Медицинада шеркездің спритті тұнбасы мен сальсолин, сальсолидин деген алкалоидтері қолданылады. Олармен қан қысымын төмендететін, мидың қан тамырларын кеңейтетін, жалпы жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктерді қан қысымы көтерілгендебас ауырғанда, бас айналғанда емге қолданады.
  • Бауыры және бүйрегі ауыратын, жүрегінің қызметі нашарлаған адамдарға шеркезді дәрі ретінде пайдалануға болмайды.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

  • Өсімдік жемістері мен гүлдерінің, немесе кептірілген жас бұтақтарының ұнтақталған 20 грамын 1 стақан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат тұндырады да, жарты ас қасықтан күніне 2-3 рет ішеді.
  • Спиртті тұнба: ұнтақталған өсімдік жемістерінің 1 ас қасығын жарты стақан араққа салып 8-10 күн тұндырады да, 60 тамшыдан күніне 2-3 рет ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз