Шенген келісімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Еуроодақ «Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісімі» (Шенген келісімі деген атпен мәлім) — құжатқа 1985 ж. маусымда Люксембургдың Шенген деген жерде Еуропаның жеті мемлекеті: Бельгия, Голландия, Люксембург, Франция, Алмания, Португалия және Испания қол қойған болатын. Ол 1995 ж. наурызда күшіне енді.

Қазіргі уақытта Шенген визасы аумағына Еуроодақтың 13 елі — Аустрия (1995 ж.), Белгия, Алмания, Грекия, Дания (1996 ж.), Испания (1991 ж.), Италия (1990 ж.), Люксембург, Голландия, Португалия, Швеция (1996 ж.), Финляндия (1996ж), Франция және Еуроодаққа қосылмаған 3 мемлекет — Швейцария, Исландия (1996 ж.) және Норвегия (1996 ж.) кіреді.

Словакия, Словения, Эстония, Мажарстан, Латвия, Литва, Мальта, Польша және Чехия 2007 жылғы желтоқсанның 31-інде өздерінің құрлықтағы жолдарын, ал 2008 жылғы наурыздан бастап әуе жолдарын ашады. Осылайша 2007 жыл аяғында Шенген аймағы тағы жаңа 9 елмен кеңімек.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}