Шеген құдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шеген құдықжер асты суларын пайдалануға арналған гидротехникалық құрылыс.

Жер бетіне жақын жатқан таза, тұщы суды кішігірім елді мекендерді, мал фермаларын, дала қостарын, т.б. ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құдық қазылады. Топырағы бос жерден қазылған құдық қабырғасына қамыс, қоға, қияқ, тал, ағаш, тас, бетон қалайды. Құдыққа су мол жиналу және қыста қатпау үшін құдықтың түбі кең етіп қазылады, аузынан қауғалық қалдырып бекітеді. Шеген құдықтың тереңдігі топырақтың сулы қабатына байланысты. Құдық суы ластанбау үшін ернеуіне қалқа жасалады.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 9-том. </ref>

Қазған кезде жер бетінен бастап түбіне дейін сексеуілмен өрілетін құдықты "шегенді" құдық деген. "Шегенді" құдықтың тереңдігі 20-50 метрге дейін жеткен. Сексеуіл жүз жылға дейін шірімейтін болған. <ref> "Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. 252-бет. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}