Шегендеу тізбегін теспелеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер қойнауындағы мұнайлы, газды, сулы қойнауқаттардың көзін аша отырып, олардың бұрғылау ұңғымасына ағып келуін қамтамасыз ету мақсатында шегендеу құбырлары мен оларды бекіткен керіштерді әдейі теспелеу. Теспелеу атқыш (пулеметтік) немесе кумулятивтік "теспелегіштер" көмегімен жүзеге асырылады.

Ұңғыманы теспелеу

Бұрғылау ұңғымасы мен жинауыш қойнауқат арасында байланыстар болуын қамтамасыз ету мақсатында шегендеу тізбегінде арнаулы құралғылар көмегімен тесіктер тесу шараларық жүзеге асыратын ұңғыма оқпанында жүргізілетін әрекет. Аталған тесіктер қойнауқатта шоғырланған флюидтерді өндіріп алу мақсатын, сол сияқты қойнауқатқа немесе құбырсырттық кеңістікке су, газ, керіш т.б. агенттерді сығымдап енгізу шараларын қамтамасыз етуге қолданылады. Ұ.Т., сол сияқты. Ұңғыма оқпанында тұтылып қалған бұрғылау тізбегінде сұйық айналымын қалпына келтіру мақсатында да қолданылады. Ұ.Т.-дің басты түрі "кумулятивт" теспелеу", "Құмарынды теспелеу" және "оқтаулы теспелеу" түрлері сирек қолданылады. Әдетте шегендеу тізбегінің бір метрінде он тесік тесіледі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}