Шевченко Тарас Григорьевич ескерткіші (Ақтау)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Монумент Тарас Григорьевич Шевченко ескерткішіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.

Орналасқан жері

Ақтау қаласы, 4-5 шағын аудандар арасындағы сквер.

Ескерткіш сипаты

Ескерткіш 1982 жылы орнатылған. Ол өмірі мен шығармашылығы Маңғыстау облысында өткен украин ақыны және 19 ғасыр суретшісі Тарас Григорьевич Шевченкоға арналған.
Монументтің композициялық осі теңізге қарата орнатылған және теңіз жағалауына қарай жайлы етіп жасалған. Ақынның қоладан отырған қалпын сомдап құйылған ескерткішінің биіктігі 5,6 м, 7,3×16,2×1 өлшемдегі тұғыр табандық Янцев кенінде өңделген гранит тас алаңша үстіндегі орналасуы еркін шығармашылық өрісте оңтайлы шешім тапқан. Тұғыр табандық төсемге қойылған өрнекті екі түсті тастың өзі Маңғыстау жерінің нышанын білдіріп тұр. Табан астындағы төсемді тастың өзінде аумағы 4,8 м болатын дөңгеленген тесік бар. Мұндағы композицияны егілген гүлдермен де әрлене түскен. Ең басты гүл егілер орынның аумағы 35×7 м болатын тағы да сол Янцев кенішінде өңделген гранит таспен қапталған. Оң қас беттегі гүлзардың аумағы 5×5 және жасыл өскеннің айналасы да фантурамен көмкерілген.
Монумент алдындағы кеңістік тротуарлық жолдың тұсында пішінді келген бетонды таспен жалғасқан. Негізгі материал қола, гранит, тераццо және латунь.

Ескерткіш авторлары

Ескерткіштің авторы : украина халық суретшісі Вронский Макар Кондратович, өзбекстанның халық суретшісі Сухенко Виктор Васильевич және Федоров Евгений Борисович. Тұтас туындының жобасы және сәулет құрлыс бөлімі Ленинград (Санкт-Петербург) қаласының 'ВНИПИЭТ институты<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978- 601- 06 -2031-5</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер