Шаһзада батыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шаһзада батыр — батырлық жыр. Қызылордалық жырау Рахмет Мәзқожаев жырлаған.

"Шаһзада батыр" жыры шығыстық сарынға құрылған, жас жігіт Шаһзада батырдың патша қызы Сақыпжамалға үйлену жолындағы кездескен қиындықтар мен ерлік істерін әңгіме қылады. Жыр оқиғаларында ертегіге тән әсірелеу кездеседі. В.Васильевтің 1895 жылы Қазақтар арасынан жазып алған "Шаһзада" жырының да мазмұны осындай. Онда бас кейіпкер аты Шаһизада деп сәл өзгерткенімен оның сүйгені Сақыпжамалмен бірге ғашықтық жолында көрген азаптары, ең соңында келіп мұраттарына жетуі жыр өзегі болған.Екі нұсқа мәтіндері де толық, он бір буынды қара өлеңге құрылған. Рахмет жырау нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала