Шаңғы спорты Қазақстанда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаңғы спорты Қазақстанда, орта ғасырдың бастапқы кездерінен белгілі болса керек. Мұны археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар дәлелдейді. Тіпті Қытайдың көне жазбаларында олар өздерінің солтүстіктегі көршілерін "ағаш атты түркілер" деп атағандары белгілі. Сондықтан XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның кейбір қалаларында алғашқы шаңғы жарыстары өткендегі ешкімді таңқалдырмаса керек. 1921 жылдан Ш. Спорты мектептеріндегі оқу бағдарламасына енді. Ал 1927 жылы респ-ның алғашқы ресми жарыс өтті. Бірақ жарыс протоколдары 1934 жылдан бастап сақталыпты. Сондықтан құжаттарда алғашқы респ. Ч-ты өткен жыл 1934 деп есептелініп келеді. Шаңғымен жарысудан алғашқы ч-дардың есімдері де белгілі. Олар: Г.Гершунова (3 км. - Қарағанды), А.Воронцова (5 км. - Ақтөбе), В.Голубенко (10 және 30 км. - Қарағанды). Респ-дағы ш.спортының бастауында М.Серғазинов, В.Филимонов, М.Танекеев, К.Гакильберг, Д.Мартюшин, Г.Терещенко, Т.Копылов, С.Лактионов, Л.Бурнашев, И.Ерютин, И.Мальков, Е.Жиров, В.Клядов, Г.Авустин, А.Трунов, А.Унгефук т.б. тұрды. Қазақстанда тәрбиеленген шаңғышылардың арасынан шыққан бірінші Ә.ч-ны В.Кузин (СҚО), бірінші КСРО ч-ны И.Гаранин (Рудный қ-сы.), қысқы О.о-дардың бірінші ч-ны В.Смирнов (1989, 1994 жж. Көкшетау облысынан шықты. Әр жылдары И.Гаранин, А.Суалов, В.Сахнов, В.Смирнов, К.Ноғамбаев, Л.Турчин КСРО-ның құрама командасының сапында өнер көрсетті. Респ-ның шаңғышылары Азия құрлығындағы күшті командалардың бірі. М.Однодворцев, А.Головко, Д.Емеленко, С.Малахова, И.Шишигина, О.Яцкая, Е.Актопова, Д.Старостина бірнеше рет Азияның және қысқы Азия ойындарының, қысқы Универсиадаларының ч-дары мен жүлдегерлері атанды.

<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шаңғы спорты Қазақстанда|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}