Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл 1959 жылы ҚХР Шоғантоғай ауылында туған. Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты (1993).

Семей педагогикалық институтын бітірген (1984). 1984-1990 жылдары Алматы қаласында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1988-1990 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. 1994-2003 жылдары «Қазақ энциклопедиясының» әдебиеттану, өнер және тіл білімі редакциясының меңгерушісі болды. Қазір «Шәкәрімтану» орталығының директоры, Семей мемлекеттік педагогика институты қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, әдебиет теориясы проблемаларына және Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Әуезов шығармашылығына арналған. Соңғы жылдары Шәкәрім шығармашылығына қатысты жинақтарды құрастырып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын кешенді түрде зерттеуге атсалысуда.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub