Шақыруға үйрету

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шақыруға үйрету. Ашыққан құсты шақыруға үйреткенде тәтті сан етін қолға ұстап құсқа көрсетеді. Ең басында құстың тұмсығына тигізе алыстатып дәндетеді, бір-екі жұлғыза-жұлғыза ұзақтан көрсетеді. Ондайда құс адамға қарай ұшып келіп дағдыланады. Ең соңында қызыл көрсе ұшып келетін болады. Ат үстінен шақыруға келсе, құстың үйренгені. Қаршыға, сүңқар, лашындарды да, қызыл көрсетіп шақыруға үйретеді. Шақырған кезде қалың топтың ішінен иесінің даусын танып, жаза баспай қолына тура келіп қонады. Қолға қонып отырғанда сілкініп, таранып, мінезі кеңіп, иесінен ықпайтын болады. Сылап-сипап отырып, қолмен құйрығын ырғап қағып қалсаң, ол да пейі л беріп құйрығын сатыр еткізіп қағады. Адамға әбден үйір болғандығы осыдан байқалады. Қолға түскенде көбінесе балапан, тірнек, тастүлек құстар тез жуасиды. Ал, жасамыс құстардың жуасуы олардан гөрі ұзағырақ. Құсбегі атын атағанда бүркіт қолға бұлтармай келетін болса, онда оны атқа алып жүруге үйретуді бастайды. Ұсак, құсты баулыған кезде қабағын тіккен күйде бір аптадай уақыт бойы ду-дабырға үйретіп, үнемі қоя салып отырады. Онша тосырқамайтын, құсбегі қолы денесіне тигенде шошынып, тітіркенбейтіндей халге жеткенде тіккен кірпік жіптерін қиып, көзін ашады. Мұнан соң сапты аяқтан жем жегенге үйретеді. Күн ара "қоя салып", аузына қант бүркіп, бір апта өткенде ат үстінде алып жүруге үйретеді. Қолға шақырып үйреткен соң шырғаға, далбайға бірнеше рет ұшырып үйретеді. Мұнан соң тірі қоянға немесе ұзап ұша алмайтын үйрекке "тірілеу", яғни салу керек. Мұндай баулу әрекетінен бір күн бүрын міндетті түрде "қоя салып", немесе ішін тазартып алады. Тірілеген кезде аңнан тоят жегізу заңды.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}