Шаған өзені (Ақтөбе облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына ШағанАқтөбе облысының Шалқар, Байғанин аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 157 км, су жиналатын алабы 3490 км2, жалпы құламасы 197 м.

Бастауы

Каспий алабындағы Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі Шошқакөл бұйратының оңтүстік беткейіндегі бірнеше сайлар суының қосылуынан пайда болып, Маныссай өзеніне сағасынан 4 км жоғарыда құяды

Гидрологиясы

Шағанның 40-тан астам саласы бар. Негізгі саласы — Ащысай (ұзындығы 34 км, оң жағасынан 105 км-де құяды). Өзен алабының оң жағын Шошқакөл, сол жағын Шағырай таулары алып жатыр. Аңғары кең, жоғарғы ағысында 1 — 1,5 км, сағасына жақын 5 — 6 км. Беткейі жайпақ, биіктігі 15 — 25 м, сай-жыралармен тілімделген. Жайылымы орта және төмен ағысында үзік-үзік, бірде оң, бірде сол жағасында кездеседі. Бедері көптеген жыралар (тереңдігі 2 — 4 м), шұңқырлар және атыздармен тілімделген. Көктемде қысқа уақыт тасып, жазғы-күзгі кезеңде құрғап, қарасуларға айналады, қыста арнасын қар басады. Суының минералд. көктемгі су тасу кезінде 50 — 100 мг/л-ден, жазда ортаңғы ағыс қарасуларында 600 — 1000 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 0,52 м3/с. Алабы — жайылым.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер