Шашыранды органикалық зат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шөгінді (тұнба) тау жынысытың құрамындағы шағын кірікпелер (бұлар әдетте "детрит" деп аталады) мен тау жынысы құрамындағы минералдар сіңіріп алған өте ұсақ тозаңдар күйінде ұшырасатын сол тау жынысы құрамбөліктерінің бірі. тау жынысытағы шашыранды органикалық заттардың мөлшері мен тектік түрі сол тау жынысытың литологиялық-фациялық типіне тікелей байланысты. Шөгінді (тұнба) тау жынысытардың басым көпшілігінің құрамындағы шашыранды органикалық зат мөлшері 1-2 %-дан аспайды. тау жынысы құрамында олардың тіпті жарытымсыз мөлшерде болу мысалдары (0,01 %) өте жиі ұшырасады, алайда шөгінді (тұнба) тау жынысытың шашыранды органикалық заттан мүлдем ада болуы мүмкін емес десе де болғандай. Өзінің түзілу жағдайы тұрғысынан шашыранды органикалық заттар екі түрге бөлінеді: автохтонды шашыранды органикалық зат шөгіндінің түзілген аймағындағы биологиялық өнімдер есебінен қалыптасатын болса, аллохтонды шашыранды органикалық зат шөгінді құрамына өзге өңірлерден келіп түседі. шашыранды органикалық зат катагенез жағдайында сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің біршама мол қорларын қалыптастыруы мүмкін, сондықтан да, мұнайдың пайда болуы жайлы шөгіндену-жылыстау теориясына сәйкес, шашыранды органикалық зат мұнай және газ көмірсутектерінің литосфера қабатындағы ең басты көзі ретінде қаралады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}