Шахталы су қашырты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шахталы су қашырты — суқашыртқының бір түрі. Ш.с.қ. мынадай құрамнан тұрады: жазық беттік суағар, тік (вертикалды) немесе көлбеулеу шахта және туннель түріндегі су әкеткіш. Доңғалақ пішінді көлденең қимадағы су қашыртқының шахтасы, көп ретте жартасты жерді тесіп орналастырылады. Жекелеғен геологиялық және топографиялық жер жағдайына байланысты шахталы су қашыртқының жоғары бөлігін мұнара түрінде жасайды. Шахтадан судың әкетілуіне байланысты құрылыс туннелі немесе галереясымен бір деңгейде жалғастырылады. Шахталы су қашыртқысын көп жағдайда орташа және өте жоғары тегеурінді су тораптары үшін пайдаланады. Осы түрдегі су қашыртқының су өтімі 5000 м3/сек-қа дейін жетеді. Ш.с.қ. жұмыс істеу ыңғайына қарай: басқарушы (қырындағы жапқыш) және автоматты жұмыс істеуші болып бөлінеді. Басқарылатын шахталы су қашыртқының жоғары бъефіндегі қалыпты тірелу деңейін (ҚТД) жапқыштың көмегімен ұстайды. Басқарылатың шахталы су қашыртқының су өтімі 600-700 м3/сек-тан артпауы тиіс және суағар қырындағы арын 5-6 м-ге дейін болады. Ш.с.қ. қырының жер жағдайында, орналасу пішініне қарай: доңғалақты, жартылай доңғалақты және жапырақ пішінді болып бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шахталы су қашырты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}